Кездесу барысында осы мәселеде келісімшарт жұмыстары, жылжымалы құрам паркін қамтамасыз етумен айналысатын «KTZ Express» АҚ филиалы директоры өкілі Күмісбек Мәтжанов та сөз алды. Жиынға қатысқан жүк жөнелтушілер көкейкесті мәселелерін ортаға тастап, сұрақтарын қойды. Теміржолшылар тарапынан осы жағдайдан шығып, мәселені шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, вагон айналымы мен вагондардың кірме жолдарда қозғалыс мерзімін азайту мақсатында жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен бірлескен кешенді шаралар жасалуда. Сұраныс иелерінің кірме жолдардағы тәртіпті сақтауы және жүк жөнелтушілердің жауапкершілігін көтеру арқылы вагон айналымы мен қосымша вагондар тарту жеткіліксіз. Осыған байланысты бірлескен шараларды ширата түсу керек, дейді теміржолшылар. Сондай-ақ, тапсырыс берушілердің жүк тиеу мен түсіру орындарында инфрақұрылымын дамытуы – вагон айналымына оң әсер етеді. Жылдық тасымалдау жоспарын тапсырыс берушілермен бірлесіп жасап, ірі жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушыларға жартылай вагондарды бекітіп беру жүйесін қарастыру қажет. Егер де, жыл ішінде жүк вагоны жетіспеушілігі орын алған жағдайда, өз жұмысын дұрыс жоспарламаған жүк жөнелтуші-жүк қабылдаушы бұл тәуекелге қатысты жауапкершілікті теміржолмен бірге көтеруі керек. Жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушылар арасында экспедиторлардың тізбегінсіз тікелей ұзақ жылдарға арналған келісімдер жасалуы тиіс. Жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар арасында жыл ішінде көмір тасымалдауды қалыпты жүргізу механизмі жасалып, РТЖ вагон паркін тасымалдау көлеміне қатысты жүк жөнелтушінің кепілдігімен тарту көзделуде. 2020 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен жеке операторлардың 20 мың жүк вагондарын сатып алуына қол жеткізілмек. Жартылай вагондар паркінің иелерімен өзара келісімдер жасау арқылы шоғырландыру мүмкіндігі де қарастырылмақ.Райхан РАХМЕТОВА