Өз жобаларын ұсынуда

Новости
27.01.2017, 11:44
Бершүгір жол дистанциясының қызметкері өңірдегі боран кезінде жұмысты жеңілдету жағын ойластырып, өздерінің  рационализаторлық жобасын ұсынды. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының басшысы Майра Өмірзақованың айтуына қарағанда, «МКТ №15 машинасы мен СЗ № 130-А жартылай вагонның көмегімен шұңқырларды кеңейту және әзірлеу» деген атаумен жолшылар әзірлеген ұсыныс мақұлданған. Одан болатын экономикалық тиімділік шамамен 4 миллион теңгеге жуықтайды. Жоба авторы — И.Сатыбалдин. Бершүгір жол дистанциясы қарт Мұғалжар тауларының бөктерінде орналасқан. Шұңқырларға қалың қар тез толып қалады. Шамамен 42 км аралықтағы қалың қарды аршу үшін СДПМ, ФРЭС секілді қар тазалайтын техникалар қажет. Толассыз түскен қар мен бет қаратпайтын боран күндері қар көп жиналатын орындарда ағаштан қоршаулар тұрғызылады. Жол дистанциясының қызметкері ондай жерлерде бульдозердің көмегімен 10-12 метр шұңқырлар қазу керектігін ұсынады. Соққан жел қалың қарды жолға жеткізбейді немесе қар әдеттегіден аз мөлшерде жиналуы мүмкін. Сәйкесінше, теміржолды да басып қалуы екіталай, Оның үстіне механикалық жолмен СДПМ, ФРЭС, СС техникаларымен қар тазалаудың қажеттілігі болмай қалады. Өз кезегінде, Қандыағаш ірілендірілген жол дистанциясының жұмысшылары да қарап қалмады. «Өтіп бара жатқан пойыздарды қарауға арналған датчик» жобасын А.Қожан есімді теміржолшы ұсынып отыр. Экономикалық тиімділігі 600 миллион теңгеден асады. Теміржол өткелдерінде қондырғылар мен қызмет ету нұсқаулықтарына сәйкес, қажет болған жағдайда өтіп бара жатқан пойызды қарау үшін прожекторлы қондырғылар орнатылады. Осы күнге дейін күннің қараңғы мезгілінде прожекторлар сөндірілмей, үзіліссіз жұмыс істейтін. Бүгінде прожекторларды электр қуатына қосып, ажырататын автоматтар орнатылды. Рас, кейбір өткелдерде прожекторларды қосып-сөндіретін қондырғылар қарастырылмаған. Мұндай прожекторлар қыс мезгілінде кешкі 18:00 сағаттан таңғы 08:00-ге дейін жанып тұрады. Мұндай прожекторларда қуаты 500 Ватт лампалар орнатылады. Мұның барлығы электр энергиясы шығының ұлғаюына әкеп соғады. Қандыағаш дистанциясында 17 күзетілетін өткел бар. Әрбір өткел бойына электр қуатының шығыны ай сайын 200 кВт-тан асады. Осы олқылықты болдырмау үшін прожекторларға қозғалыс датчигін орнату ұсынылады. Қозғалыс датчигі теміржол өткеліне жақын маңда орнатылады.Пойыз теміржол өткеліне жақындап қалғанда екі жақтан прожектор қосылады да, пойыз құрамы әбден өтіп кеткен соң сөнеді. Датчик өткелден 50 метр қашықтықта биіктігі 2 метр болатын ағаш траверстің бойына орнатылу керек. Мұндай шешім «теміржол көлігіндегі нысандарды жасанды жарықпен қамтамасыз ету ережелерін» ГОСТ талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, магистральды желі бөлімшесі филиалдары бойынша өткен жылы 108 рационализатор 130 жоба ұсынды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области