Өз жобаларын ұсынуда
Жаңалықтар
27.01.2017, 11:44
Бершүгір жол дистанциясының қызметкері өңірдегі боран кезінде жұмысты жеңілдету жағын ойластырып, өздерінің рационализаторлық жобасын ұсынды.
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ғылыми-техникалық ақпарат орталығының басшысы Майра Өмірзақованың айтуына қарағанда, «МКТ №15 машинасы мен СЗ № 130-А жартылай вагонның көмегімен шұңқырларды кеңейту және әзірлеу» деген атаумен жолшылар әзірлеген ұсыныс мақұлданған. Одан болатын экономикалық тиімділік шамамен 4 миллион теңгеге жуықтайды. Жоба авторы — И.Сатыбалдин.
Бершүгір жол дистанциясы қарт Мұғалжар тауларының бөктерінде орналасқан. Шұңқырларға қалың қар тез толып қалады. Шамамен 42 км аралықтағы қалың қарды аршу үшін СДПМ, ФРЭС секілді қар тазалайтын техникалар қажет.
Толассыз түскен қар мен бет қаратпайтын боран күндері қар көп жиналатын орындарда ағаштан қоршаулар тұрғызылады. Жол дистанциясының қызметкері ондай жерлерде бульдозердің көмегімен 10-12 метр шұңқырлар қазу керектігін ұсынады. Соққан жел қалың қарды жолға жеткізбейді немесе қар әдеттегіден аз мөлшерде жиналуы мүмкін. Сәйкесінше, теміржолды да басып қалуы екіталай, Оның үстіне механикалық жолмен СДПМ, ФРЭС, СС техникаларымен қар тазалаудың қажеттілігі болмай қалады.
Өз кезегінде, Қандыағаш ірілендірілген жол дистанциясының жұмысшылары да қарап қалмады. «Өтіп бара жатқан пойыздарды қарауға арналған датчик» жобасын А.Қожан есімді теміржолшы ұсынып отыр. Экономикалық тиімділігі 600 миллион теңгеден асады. Теміржол өткелдерінде қондырғылар мен қызмет ету нұсқаулықтарына сәйкес, қажет болған жағдайда өтіп бара жатқан пойызды қарау үшін прожекторлы қондырғылар орнатылады. Осы күнге дейін күннің қараңғы мезгілінде прожекторлар сөндірілмей, үзіліссіз жұмыс істейтін. Бүгінде прожекторларды электр қуатына қосып, ажырататын автоматтар орнатылды. Рас, кейбір өткелдерде прожекторларды қосып-сөндіретін қондырғылар қарастырылмаған. Мұндай прожекторлар қыс мезгілінде кешкі 18:00 сағаттан таңғы 08:00-ге дейін жанып тұрады. Мұндай прожекторларда қуаты 500 Ватт лампалар орнатылады. Мұның барлығы электр энергиясы шығының ұлғаюына әкеп соғады.
Қандыағаш дистанциясында 17 күзетілетін өткел бар. Әрбір өткел бойына электр қуатының шығыны ай сайын 200 кВт-тан асады. Осы олқылықты болдырмау үшін прожекторларға қозғалыс датчигін орнату ұсынылады. Қозғалыс датчигі теміржол өткеліне жақын маңда орнатылады.Пойыз теміржол өткеліне жақындап қалғанда екі жақтан прожектор қосылады да, пойыз құрамы әбден өтіп кеткен соң сөнеді. Датчик өткелден 50 метр қашықтықта биіктігі 2 метр болатын ағаш траверстің бойына орнатылу керек. Мұндай шешім «теміржол көлігіндегі нысандарды жасанды жарықпен қамтамасыз ету ережелерін» ГОСТ талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, магистральды желі бөлімшесі филиалдары бойынша өткен жылы 108 рационализатор 130 жоба ұсынды.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі