Байланыс құрылғылары бабында

Новости
27.01.2017, 12:29
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауды салалық жүктеме санайды. Кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындап, байланыс құрылғыларының бабында болуын қамтамасыз етіп отырған дистанциялықтар өткен жылдың желтоқсан айында пойыздық және маневрлік жұмыс барысында ақаудың орын алуына жол бермегенмен, бір жыл ішінде 6 мәрте құрылғылардың жұмыстан тыс қалуы тіркелген екен. Орын алған кемшіліктер байланыс құрылғыларының ішінде 2 рет реленің, 2 рет электрожетектің және 2 мәрте стативтің жұмыстан тыс қалып, сигналдардың жойылуына себеп болыпты. Дистанция ұжымы желтоқсан айында КТСМ құрылғыларымен 13 708 жылжымалы құрамды, жыл басынан бері 207 175 пойызды бақылап, олардың арасынан 64 пойыз буксының қызуын анықтаған. СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасаумен қатар Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы бес жүз шақырымға жуық телім бойында қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап келеді. Осы телімдегі автобұғаттау құрылғылары, диспетчерлік орталықтандыру жабдықтары, кабельді магистральды желілер, бағыттамалық бұрмалардың және КТСМ құрылғысы секілді бірнеше техникалық құрылғылар мен байланыс жабдықтарының жұмысын тәулік бойы бақылап, олардың бабында болып, кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұжымның басты міндеті саналады. Жылжымалы құрамдардың дистанция телімдерінен кідіріссіз өтуін қамтамасыз ету барысында соңғы уақыттарда Жалағаш, Қызылтам станцияларынан басқа өзге бекеттерде букстың қызуын және әртүрлі бұзылыстарды анықтайтын ескірген ПОНАБ-3, ДИСК-Б құрылғылары жаңа үлгідегі КТСМ-01Д, КТСМ-02 қондырғыларымен алмастырылып, байланыс жабдықтарының қалыпты жұмыс жасауы үшін кешенді жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. –Өткен жылы құрылғыларды ағымдық баптау жұмыстарымен қатар Шорнақ – Түркістан станциялары арасындағы телімдерде релелік шкафтар монтажы жаңартылды. №14,15 бекеттерде РШ ауыстырылды. 215 дана МСП электромоторлар ағымдық жөндеуден өткізіліп, жарамсыздары жаңаланды. 36 дана СП-6 электрожетектеріне күтім жасалып, қолданысқа жарамсыздары алмастырылды. Бірқазан станциясы мен 14-бекет аралығында 10 дана бағдаршам светодиодты болып өзгертілді. Ал желтоқсан айында Қызылтам станциясында №4,8 бағыттамалық бұрмалардың, Жалағаш станциясында сегіз дана бұрманың ППРЗ-5000 релесі алмастырылды, Керкелмес – Сұлутөбе, Қызылорда – Қараөзек және 14-бекет Керкелмес бекеттеріндегі бағдаршамдардың линзалы жинақтары светодиодты модульдермен ауыстырылды. Және де Тереңөзек – Қараөзек станциялары арасындағы КПТШ трансмиттерлері ТМ блоктарымен жаңартылды, – деді дистанцияда атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаған техникалық бөлім бастығы Ақшагүл Курбенова.

Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда

 
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области