Тараптар тәжірибе алмасты
Новости
31.01.2017, 11:23
Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров жетекшілік еткен делегация Халықаралық теміржол одағы өкілдерімен кездесті.
Халықаралық теміржол одағы (ХТЖО) – әлем елдерінің 200-ден астам теміржол ұйымының басын біріктіріп және де соңғы 95 жыл ішінде бүкіл әлемде теміржол көлігін дамыту мәселелері бойынша бірлескен шешімдерді түрлендіруге мүмкіндік беріп отырған бірегей ұйым.
Мәртебелі меймандар алдында сөз алған бас инженер, бүгінгі басқосу – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ХТЖО-ның ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мәселесіне арналып отырғанын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол көлігінде инновацияны дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Компаниямен Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы, Тиімділікті арттыру, Энергияжинақтау, Машинақұрастыруды дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы бағдарламалар шеңберінде техникалық қайта жарақтандырылу, тасымалды ұйымдастыру және жоспарлау барысында, пойыздар қозғалысын басқару үдерісінде инновацияларды енгізу, ұйымдастырушылық және технологиялық инновацияларды мониторинг үдерісіне, өндірістік активтерді жөндеу және қызмет ету барысына енгізу, сондай-ақ, жоғары технологиялық көліктік-логистикалық қызметтердің өнімділік сызығын әзірлеу шаралары іске асуда. Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлемнің жетекші теміржол компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарын тәжірибе алмасуға және түрлі сипаттағы техникалық және технологиялық мәселелердің шешімін бірлесіп табуға тартып келеді.
– Бірінші кезекте біз, ХТЖО-ның Қазақстан аумағында заманауи балластық технологияларды қолдану бойынша ұсынымдарын алуға ықылас танытып отырмыз. Сонымен қатар біздің Компания қазір шекаралас станцияларда тар табанды жолдан кеңіне ауысу кезінде жайылмалы жұп дөңгелектерді пайдалану және тепловоздарды дефектоскопиялау сияқты проблемаларды шешуге аса зәру болып отыр. Мысалы, Алтынкөл станциясы арқылы келешекте Қытайға жолаушылар пойызын жүргізу жоспарда бар. Бірақ, Қытай тарапы елімізде құрастырылып шығарылатын испандық вагондарды техникалық құрылымын ұсынған жағдайда кіргізуге мүдделілік танытып отыр. Ал испандықтар өз кезегінде, вагондарына қатысты жобаны бергісі жоқ. Сол себептен жолаушыларға пойыздарын алмастыруға тура келмек. Бұл біз үшін де тиімсіз. 4-5 сағат уақыт зая кетеді, – деді Бауыржан Орынбасаров.
Бұдан кейін ТМД елдеріндегі ХТЖО өкілі Ирина Петрунина сөз алып, 2017 жылы ҚТЖ-ның қатысуына болатын ХТЖО жобаларын таныстырды. Сонымен қатар ол 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы ХТЖО ұсыныстарын бірнеше сала, атап айтсақ, экстремальды климаттық жағдайлардағы техникалық сүйемелдеу және пайдалану, шекара өткелдеріндегі интероперабельділік, рельстер, байланыс линиясының жүйесі, бағыттағыш бұрмалар, тұрақты даму, энергияны пайдалану тиімділігі, шу деңгейі, химиялық тұрақтылық бойынша жасады.
Халықаралық темір жол одағымен ҚТЖ арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір тармағы стандарттау саласында тоғысатынын өз сөзінде атап өткен Бауыржан Орынбасаров, қазір Қазақстан халықаралық көліктік-коммуникациялық ағынмен бірігіп және Еуразиялық мультимодальды трансконтинентальдық көлік дәлізі құрылып жатқан жағдайда жалпы темір жол стандарттарын жасау бүгінде мәйекті мәселе екенін жеткізген болатын. Осыған байланысты ХТЖО-ның стандарттау мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Витаутас Киндерис Халықаралық темір жол стандарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Ал Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Батыр Қотырев өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ақаулы рельстерді анықтау технологиясымен таныстырды. Тараптар өздері жасаған слайд-шоуларға қатысты туындаған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Бүгін Халықаралық темір жол одағы атынан келген делегация мүшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның индустриялдық паркте орналасқан жаңа оқу орталығына барып, аралайды деп күтілуде.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области