Тараптар тәжірибе алмасты

Жаңалықтар
31.01.2017, 11:23
Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров жетекшілік еткен делегация Халықаралық теміржол одағы өкілдерімен кездесті. Халықаралық теміржол одағы (ХТЖО) – әлем елдерінің 200-ден астам теміржол ұйымының басын біріктіріп  және де соңғы 95 жыл ішінде бүкіл әлемде  теміржол көлігін дамыту мәселелері бойынша  бірлескен шешімдерді түрлендіруге мүмкіндік беріп отырған бірегей ұйым. Мәртебелі меймандар алдында сөз алған бас инженер, бүгінгі басқосу – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ХТЖО-ның ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мәселесіне арналып отырғанын атап өтті.   «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол көлігінде инновацияны дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Компаниямен Инновациялық-технологиялық даму стратегиясы, Тиімділікті арттыру, Энергияжинақтау, Машинақұрастыруды дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осы бағдарламалар шеңберінде техникалық қайта жарақтандырылу, тасымалды ұйымдастыру және жоспарлау барысында, пойыздар қозғалысын басқару үдерісінде инновацияларды енгізу, ұйымдастырушылық және технологиялық инновацияларды мониторинг үдерісіне, өндірістік активтерді жөндеу және қызмет ету барысына енгізу, сондай-ақ, жоғары технологиялық көліктік-логистикалық қызметтердің өнімділік сызығын әзірлеу шаралары іске асуда. Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлемнің жетекші теміржол компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарын  тәжірибе алмасуға және түрлі сипаттағы техникалық және технологиялық мәселелердің шешімін бірлесіп табуға тартып келеді. – Бірінші кезекте біз, ХТЖО-ның Қазақстан аумағында заманауи балластық технологияларды қолдану бойынша ұсынымдарын алуға ықылас танытып отырмыз.  Сонымен қатар біздің Компания қазір шекаралас станцияларда тар табанды жолдан кеңіне ауысу кезінде жайылмалы жұп дөңгелектерді пайдалану және тепловоздарды дефектоскопиялау сияқты проблемаларды шешуге аса зәру болып отыр. Мысалы, Алтынкөл станциясы арқылы келешекте Қытайға жолаушылар пойызын жүргізу жоспарда бар. Бірақ, Қытай тарапы елімізде құрастырылып шығарылатын испандық вагондарды техникалық құрылымын ұсынған жағдайда кіргізуге мүдделілік танытып отыр. Ал испандықтар өз кезегінде, вагондарына қатысты жобаны бергісі жоқ. Сол себептен жолаушыларға пойыздарын алмастыруға тура келмек. Бұл біз үшін де тиімсіз. 4-5 сағат уақыт зая кетеді, – деді Бауыржан Орынбасаров.   Бұдан кейін ТМД елдеріндегі ХТЖО өкілі Ирина Петрунина сөз алып, 2017 жылы ҚТЖ-ның қатысуына болатын ХТЖО жобаларын таныстырды. Сонымен қатар ол 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы ХТЖО ұсыныстарын бірнеше сала, атап айтсақ, экстремальды климаттық жағдайлардағы техникалық сүйемелдеу және пайдалану, шекара өткелдеріндегі  интероперабельділік, рельстер, байланыс линиясының жүйесі, бағыттағыш бұрмалар, тұрақты даму, энергияны пайдалану тиімділігі, шу деңгейі, химиялық тұрақтылық бойынша жасады. Халықаралық темір жол одағымен ҚТЖ арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір тармағы стандарттау саласында тоғысатынын өз сөзінде атап өткен Бауыржан Орынбасаров, қазір Қазақстан халықаралық көліктік-коммуникациялық ағынмен бірігіп және Еуразиялық мультимодальды трансконтинентальдық көлік дәлізі құрылып жатқан жағдайда  жалпы темір жол стандарттарын жасау бүгінде мәйекті мәселе екенін жеткізген болатын. Осыған байланысты  ХТЖО-ның стандарттау мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі Витаутас Киндерис  Халықаралық темір жол стандарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.   Ал  Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Батыр Қотырев өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да  ақаулы рельстерді анықтау технологиясымен таныстырды. Тараптар өздері жасаған слайд-шоуларға қатысты туындаған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Бүгін Халықаралық темір жол одағы атынан келген делегация мүшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның индустриялдық паркте орналасқан жаңа оқу орталығына барып, аралайды деп күтілуде.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі