Ерман Әбдиев, Тараз
Еңбекті қорғау жылы жарияланды
1 мин чтения
Жамбыл магистарльді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаевтың бұйрығымен аймақта үстіміздегі жыл – «Еңбекті қорғау жылы» болып белгіленді.
Өткен жылы өңірдегі Ірілендірілген Сары-Шаған жол дистанциясындағы және Жамбыл, Шу электрмен жабдықтау дистанциялардағы орын алған жағдайға байланысты жұмысты ширату, пысықтау мақсатында қолға алынған шара өз тиімділігін береді деген сенімде мамандар. Оның үстіне бүгінде бөлімшеге қарасты мекемелерде еңбек және өндірістік тәртіп күшейтілген.
– Бөлімше директорының бұйрығымен 2017 жылы «Еңбекті қорғау жылы» деп жарияланып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалды. Филиалға қарасты мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру мақсатында және аталған шараны қадағалау үшін Бас инженер Жұмағали Урсаровқа жоспар таныстырылып, жұмыс жүргізілуде. Оның қатарында жол, байланыс және белгі беру, электрмен жабдықтау шаруашылықтары бойынша, яғни сала бойынша да шаралар бекітілген. Әр атқарылған жұмыстар бойынша мекеме басшылары әр айдың басында есеп беріп отырады. Сондай-ақ әр тоқсанда еңбекті қорғау тақырыбында семинарлар өткізіліп тұрады. Бұл жұмыстың негізі – еңбек орнын жоғары деңгейде ұйымдастыруға, өмірге қауіпті орында адам өмірін сақтауға, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруға бағытталған, – дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Баян Конкабаева.