Еңбекті қорғау жылы жарияланды

Жаңалықтар
31.01.2017, 12:28
Жамбыл магистарльді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаевтың бұйрығымен аймақта үстіміздегі жыл – «Еңбекті қорғау жылы» болып белгіленді. Өткен жылы өңірдегі Ірілендірілген Сары-Шаған жол дистанциясындағы және Жамбыл, Шу электрмен жабдықтау дистанциялардағы орын алған жағдайға байланысты жұмысты ширату, пысықтау мақсатында қолға алынған шара өз тиімділігін береді деген сенімде мамандар. Оның үстіне бүгінде бөлімшеге қарасты мекемелерде еңбек және өндірістік тәртіп күшейтілген. – Бөлімше директорының бұйрығымен 2017 жылы «Еңбекті қорғау жылы» деп жарияланып, арнайы іс-шаралар жоспары жасалды. Филиалға қарасты мекеме басшыларының жауапкершілігін арттыру мақсатында және аталған шараны қадағалау үшін Бас инженер Жұмағали Урсаровқа жоспар таныстырылып, жұмыс жүргізілуде. Оның қатарында жол, байланыс және белгі беру, электрмен жабдықтау шаруашылықтары бойынша, яғни сала бойынша да шаралар бекітілген. Әр атқарылған жұмыстар бойынша мекеме басшылары әр айдың басында есеп беріп отырады. Сондай-ақ әр тоқсанда еңбекті қорғау тақырыбында семинарлар өткізіліп тұрады. Бұл жұмыстың негізі – еңбек орнын жоғары деңгейде ұйымдастыруға, өмірге қауіпті орында адам өмірін сақтауға, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыруға бағытталған, – дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері Баян Конкабаева.

Ерман Әбдиев, Тараз

Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Орталық дәліздің экономикалық пәрмені
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті