Тасқынға тосқын – бүгіннен

Новости
10.02.2017, 11:00
Биылғы қыс Шығыс өңірге біршама қиындықтар туғызып тұр. Қар жылдағы мөлшерден тым көп түсті. Сондай-ақ, қарлы боран да теміржолшыларды күнделікті жұмыс ырғағынан жиі жаңылдыруда. Қазіргі күні Жаңасемей жол дистанциясы қызмет көрсететін желі бойында әсіресе жолшылардың еңбегі қауырт. Семей мен Жарма станциялары аралығын қамтитын ПЧ-40 жол дистанциясына тиесілі телім бойынша көктемгі қызыл судың алдын алуға байланысты шаралар қарқын алуда. Ол әрине, алдымен қар шығарумен байланысты  жұмыстар. Жалпы, дистанцияға қарасты 239,3 км бас жолдың 74,5 километрі қар басып қалатын қауіпті аймаққа жатады екен. Жол дистанциясының жолшылары телімнің осы бөлігінің қарын тазалауға күш салып жатыр. Жаңасемей жол дистанциясының иелігінде 9 бірлік қар тазалағыш техникалар бар. Оның жетеуі СДПМ  болса, қалған екеуі қар тазалағыш СМ-2 мен СМ-7 машиналары. Бұл техникаларда қазіргі күн еш тыным жоқ. Тек станция басында ғана бригада ауысқанымен техникалар тәулік бойы жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде, желтоқсанның 1-нен ақпанның 7-сі аралығында қармен күрес бойынша ауқымды шаралар жүзеге асты. Мәселен, СДПМ көлігі 1273 км телім бойын тазалаған. Сондай-ақ, қасаттанған қарды қыратын СС-3 машинасы сегіз мәрте желі бойына шығып, 50 км желі аумағын техникалық талапқа сай еткен. Ал СМ-2, СМ-7 машиналарымен тек станциялық жолдардың өзінен ғана 31 мың текше метр қар шығарылыпты.    –Көктемгі қызыл судың алдын алуға байланысты шаралар науқандық тұрғыдан қармен күрес түрінде қарқын алуда. Әсіресе, ақпан айының алғашқы тәуліктерінде қар толассыз жауғандықтан күшейтілген режимде жұмыс жасап, жұмыла кірісуге тура келді. Қазіргі күні бұл іске дистанцияға қарасты 157 жолшы толық жұмылдырылған. Сондай-ақ, станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды қардан тазарту мақсатында 6 рет кең көлемді қар сенбілігі өткізілді. Оған құрама қызмет өкілдері, яғни, ЭЧ-18, ШЧ-29, ВЧДЭ-23 және Жаңасемей станциясының теміржолшылары да қатысты.  Қар сенбілігінің  нәтижесінде барлығы 24 платформа бойынша екі жүзден аса теміржолшы жұмыла жұмыс істеп, 2 мың текше метр қар шығарылды. Мұндай шаралар әлі де жалғасады, – дейді жол дистанциясының техникалық бөлімінің басшысы Ғафур Рахымбаев. Айта кетерлігі, дистанция  қызмет көрсететін бір бағытты телім бойында қар басып қалу мен көктемгі тасқын қаупі жоғары аймақтар көп. Тіпті, қаланың Жаңасемей ауданының өзінде де рельс бойын су шайып кетуі ықтимал телімдер  бар. Бұл аумақ қалалық төтенше жағдайлар басқармасының да қадағалауында тұр. Сонымен қатар, Шөптіқақ, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе сынды қар кісі бойынан келетін, жиі бұрқасындататын станцияларда тәуліктік кезекшілік қойылған.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников