Тасқынға тосқын – бүгіннен
Жаңалықтар
10.02.2017, 11:00
Биылғы қыс Шығыс өңірге біршама қиындықтар туғызып тұр. Қар жылдағы мөлшерден тым көп түсті. Сондай-ақ, қарлы боран да теміржолшыларды күнделікті жұмыс ырғағынан жиі жаңылдыруда. Қазіргі күні Жаңасемей жол дистанциясы қызмет көрсететін желі бойында әсіресе жолшылардың еңбегі қауырт.
Семей мен Жарма станциялары аралығын қамтитын ПЧ-40 жол дистанциясына тиесілі телім бойынша көктемгі қызыл судың алдын алуға байланысты шаралар қарқын алуда. Ол әрине, алдымен қар шығарумен байланысты жұмыстар. Жалпы, дистанцияға қарасты 239,3 км бас жолдың 74,5 километрі қар басып қалатын қауіпті аймаққа жатады екен. Жол дистанциясының жолшылары телімнің осы бөлігінің қарын тазалауға күш салып жатыр.
Жаңасемей жол дистанциясының иелігінде 9 бірлік қар тазалағыш техникалар бар. Оның жетеуі СДПМ болса, қалған екеуі қар тазалағыш СМ-2 мен СМ-7 машиналары. Бұл техникаларда қазіргі күн еш тыным жоқ. Тек станция басында ғана бригада ауысқанымен техникалар тәулік бойы жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде, желтоқсанның 1-нен ақпанның 7-сі аралығында қармен күрес бойынша ауқымды шаралар жүзеге асты. Мәселен, СДПМ көлігі 1273 км телім бойын тазалаған. Сондай-ақ, қасаттанған қарды қыратын СС-3 машинасы сегіз мәрте желі бойына шығып, 50 км желі аумағын техникалық талапқа сай еткен. Ал СМ-2, СМ-7 машиналарымен тек станциялық жолдардың өзінен ғана 31 мың текше метр қар шығарылыпты.
–Көктемгі қызыл судың алдын алуға байланысты шаралар науқандық тұрғыдан қармен күрес түрінде қарқын алуда. Әсіресе, ақпан айының алғашқы тәуліктерінде қар толассыз жауғандықтан күшейтілген режимде жұмыс жасап, жұмыла кірісуге тура келді. Қазіргі күні бұл іске дистанцияға қарасты 157 жолшы толық жұмылдырылған. Сондай-ақ, станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды қардан тазарту мақсатында 6 рет кең көлемді қар сенбілігі өткізілді. Оған құрама қызмет өкілдері, яғни, ЭЧ-18, ШЧ-29, ВЧДЭ-23 және Жаңасемей станциясының теміржолшылары да қатысты. Қар сенбілігінің нәтижесінде барлығы 24 платформа бойынша екі жүзден аса теміржолшы жұмыла жұмыс істеп, 2 мың текше метр қар шығарылды. Мұндай шаралар әлі де жалғасады, – дейді жол дистанциясының техникалық бөлімінің басшысы Ғафур Рахымбаев.
Айта кетерлігі, дистанция қызмет көрсететін бір бағытты телім бойында қар басып қалу мен көктемгі тасқын қаупі жоғары аймақтар көп. Тіпті, қаланың Жаңасемей ауданының өзінде де рельс бойын су шайып кетуі ықтимал телімдер бар. Бұл аумақ қалалық төтенше жағдайлар басқармасының да қадағалауында тұр. Сонымен қатар, Шөптіқақ, Суықбұлақ, Жаңғызтөбе сынды қар кісі бойынан келетін, жиі бұрқасындататын станцияларда тәуліктік кезекшілік қойылған.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі