Құммен күрес жұмыстары қолға алынған 

Новости
14.02.2017, 12:24
Пайдалануға берілгеніне санаулы жыл болған Шалқар-Бейнеу теміржол аралығында құммен күрес шаралары қолға алына бастаған. Жаңа теміржол тармағы құмды өңірлер арқылы тартылғаны аян.  Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштары дистанциясынан хабарлағандай, жаңа жол бойына сусыған құм темір жолға қауіп төндірмес үшін оның жолын кесіп, тоқтату жұмыстары қолға алына бастаған. Тек өткен жылдың өзінде ғана 34 гектар алқапқа құм тоқтату үшін аласа қоршаулар тұрғызылған.  Дистанцияның техникалық-өндірістік  бөлімінің басшысы Әділхан Бөгенбаевтың айтуына қарағанда, Шалқар учаскесінде 6 гектар, Исатай ауданы аумағында шамамен 14 гектар алқапта құм тоқтату жұмыстары қолға алыныпты. Сонымен бірге, Бейнеу жақта 6 гектарға жуық алқапты, Қызылорда облысы аумағында 9 гектар жерде құм тоқтату шаралары жасалған. Сонымен қатар, Қызылорда аумағындағы  Абай станциясы мен №7 разъезд аралығы және Бақтысай мен Бәйгеқұм аралықтарын қоса алғанда 10 гектар жерге құм тоқтататын құрылғылар қойылыпты. Құм тоқтату жұмыстары бұрын қолға алынбаған Бейнеу учаскесіндегі Теректі, Сам, Алтай аралықтарында да басталған. «Жаңа құрылыс» аталып кеткен аралықтарда бас-аяғы 5 гектардан астам алқапта құм тоқтатылған Сусыған құмды  теміржолшылар қамыстың көмегімен тоқтатады. Ол үшін Шалқар көлі, Каспий теңізі мағайындағы көлшіктердің қамысы, сонымен бірге, Қызылорда облысы аумағындағы Қамыстыбас көлінің қамысы пайдаланылады екен. Оны торлап, құм қозғалатын телімдерге орналастырады.  Өткен жылы Шалқар ауданы бойынша 3 мың текше метр шамасында, Исатай ауданында 6,5 мың текше метр қамыс, Қызылорда аумағында 3,3 мың текше метр қар тоқтататын қамыс дайындалыпты. Әділхан Бөгенбаевтың айтуына қарағанда, Сексеуіл-Қоскөл аралығында құм тоқтатуға Қамыстыбас көлінен 14 вагон қамыс жөнелтілген, Абай станциясы мен Бейнеу — Тассай жаңа құрылысы теліміне Бейнеу станциясынан 11 вагон, Ганюшкино станциясынан 7 вагон, Шалқар станциясынан 4 вагон қамыс жеткізіліпті.  Бұл жұмыстарға жергілікті жол дистанциялары да жұмылдырылады. Жоғарыда айтылған телімдерге Ақтөбе аумағында Шалқар мен Бейнеу жол дистанциялары жауапты.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников