«Ұзақ жасаудың сыры – тынымсыз тірлікте...»
Новости
17.02.2017, 12:49
Ғасырдан да ұзақ жасаған Дариға апай осылай дейді. 15 ақпанда 103 жасқа толып отырған кейуана Түркістан – Сібір темір жолының бойында жолшы болып, таңның атысы, күннің бастысы тынымсыз еңбек еткен Дариға Кәрібжанованың еңбегіне кезінде «Магистральдің еңбекші әулеттері» жинағында Нығметжан Есенғарин жоғары баға берген.
Ата-анасы, ері, балалары мен немерелері түгел темір жолға қызмет еткен әулеттің өкілі тек көп жасаған жоқ, көпті көрді де. Бүгінде Жарма ауданының, Үшбиік ауылында тұратын Дариға әжені көрген жан оның тағдыр тауқыметін көп көрсе де сындыра алмаған қайсар рухын бірден таныр еді.
– Небір зұлмат заманды бастан кештік, ашаршылық, соғыс, үкіметтің жұмысында жүріп, үйдің тірлігін де бітіріп үлгереміз. Еңбек демалысымды шөп оратын уақытқа туралап алып, ауылдан он шақырым қашықтағы Тереңөзек деген жерге барып, малдың қысқы азығын жинаймын. Кейін сол қияқтың сағдарынан лай сабан жасап, қора соғатынмын, - деп еске алады өткен өмірін Дариға апай.
Міне, осылай бар өмірі еңбекпен өткен жан Алла-тағала екі қол, екі аяқ беріп, деніңді сау етіп жаратқан соң тынымсыз еңбектене білу керек деп санайды. Кез келген бейнеттің зейнеті бар. Кезінде бірнеше жыл қатарынан «Коммунистік еңбек екпіндісі» атанып, Социалистік жарыста жеңімпазы болып, ақшалай-заттай сыйлықтар алған теміржолшы ана сол еңбектің арқасында материалдық тұрғыда таршылық көрмей, ерінен ерте айрылса да балаларын өсіріп-жеткізгенін мақтаныш етеді.
–1947 жылдан бастап Түркістан – Сібір темір жолының Жарма жол дистанциясына жол монтері болып жұмысқа тұрдым. «Рабочий пойыз» аталып кеткен путеецтердің вагонымен жаздың күні таңғы 5-те, қыстыгүні 7-де жолға шығып кетеміз, бір вагоны және артына тіркеген саймандарға арналған жүк салғыш арбасы бар. Жастарға орын да тимейді, бір орында тұрып, екі сағат кейде үш сағат жүріп жұмысқа жетеміз. Күн ұзаққа бірде қар күреп бірде балға соғып, шаршап қайтадан вагонға отырып қайтамыз, үйге жеткенше сағат жеті-сегіз болады. Одан түннің бір жарымына дейін ас пісіріп, кір жуу, бала-шағаның жоғын түгендеумен екі-үш сағат көз шырымын алып, таң сыз бере қайта шығамыз. Міне, темірдей талап қоятын теміржолда нан тауып жеу, тіпті де оңай болмады,- дейді кейуана терең күрсініп,
Дариға апай осы темір жолда болашақ жары Әбенді кездестіріп отбасын құрды, екеуі алтын асықтай алты бала сүйді. Сол үш қыз, үш ұлынан тараған немере-шөбере бүгінгі көз қуанышы. Әрине, өмір бар жерде қаза бар, Дариға апайдың да сүйікті ұлынан айрылып қайғыдан қан жұтқан кезі болды, бірақ тағдырдың талай сынағы табиғатынан қайсар әйелді құлата алмады, бар қайратын жиып өмір сүруге талпынды.
–Біз тек өзіміздің адал еңбегімізге сеніп өмір сүрдік. Ерім ертерек дүние салып, мен балалармен жалғыз қалдым. Оларды өсіріп-жеткізу үшін барлық ауыртпалыққа шыдадым, оларды қатарынан қалдырмай, өсіріп, оқытып жеткіздім. Менен көп адам ұзақ жасаудың сырын сұрайды. Айтарым: әрдайым адал еңбек етіңдер, бір-біріңе мейірімді, бауырмал болыңдар. Әрдайым жақсылық жасауға жандарың құмар болсын, ұзақ жасаудың сыры – тынымсыз тірлікте, - деп сөзін аяқтады нағыз қазақ әйелінің эталоны деуге лайық Дариға апа.
Меруерт ЕСЕНҚЫЗЫ
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников