«Ұзақ жасаудың сыры – тынымсыз тірлікте...»

Жаңалықтар
17.02.2017, 12:49
Ғасырдан да ұзақ жасаған Дариға апай осылай дейді. 15 ақпанда 103 жасқа толып отырған кейуана Түркістан – Сібір темір жолының бойында жолшы болып, таңның атысы, күннің бастысы тынымсыз еңбек еткен Дариға Кәрібжанованың еңбегіне кезінде «Магистральдің еңбекші әулеттері» жинағында Нығметжан Есенғарин жоғары баға берген. Ата-анасы, ері, балалары мен немерелері түгел темір жолға қызмет еткен  әулеттің өкілі  тек көп жасаған жоқ, көпті көрді де. Бүгінде Жарма ауданының, Үшбиік ауылында тұратын Дариға әжені көрген жан оның  тағдыр тауқыметін көп көрсе де сындыра алмаған қайсар рухын бірден таныр еді. – Небір зұлмат заманды бастан кештік, ашаршылық, соғыс, үкіметтің жұмысында жүріп, үйдің тірлігін де бітіріп үлгереміз. Еңбек демалысымды шөп оратын уақытқа туралап алып,  ауылдан он шақырым қашықтағы  Тереңөзек деген жерге барып, малдың қысқы азығын жинаймын. Кейін сол қияқтың сағдарынан лай сабан жасап, қора соғатынмын, - деп еске алады өткен өмірін Дариға апай. Міне, осылай бар өмірі еңбекпен өткен жан Алла-тағала екі қол, екі аяқ беріп, деніңді сау етіп жаратқан соң  тынымсыз еңбектене білу керек деп санайды.  Кез келген бейнеттің зейнеті бар. Кезінде  бірнеше жыл қатарынан «Коммунистік еңбек екпіндісі» атанып,  Социалистік жарыста жеңімпазы болып, ақшалай-заттай сыйлықтар алған теміржолшы ана сол еңбектің арқасында материалдық тұрғыда таршылық көрмей, ерінен ерте айрылса да балаларын өсіріп-жеткізгенін  мақтаныш етеді. –1947 жылдан бастап Түркістан – Сібір темір жолының Жарма жол дистанциясына жол монтері болып жұмысқа тұрдым. «Рабочий пойыз» аталып кеткен путеецтердің вагонымен  жаздың күні таңғы 5-те, қыстыгүні 7-де жолға шығып кетеміз, бір вагоны және артына тіркеген саймандарға арналған жүк салғыш арбасы бар. Жастарға орын да тимейді, бір орында тұрып, екі сағат кейде  үш сағат жүріп жұмысқа жетеміз. Күн ұзаққа бірде қар күреп бірде балға соғып, шаршап қайтадан  вагонға отырып қайтамыз, үйге  жеткенше сағат жеті-сегіз болады. Одан түннің бір жарымына дейін ас пісіріп, кір жуу, бала-шағаның жоғын түгендеумен екі-үш сағат көз шырымын алып, таң сыз бере  қайта шығамыз. Міне, темірдей талап қоятын теміржолда нан тауып жеу, тіпті де оңай болмады,- дейді кейуана терең күрсініп, Дариға апай осы темір жолда болашақ жары Әбенді кездестіріп отбасын құрды, екеуі алтын асықтай алты бала сүйді. Сол үш қыз, үш ұлынан тараған немере-шөбере бүгінгі көз қуанышы. Әрине, өмір бар жерде қаза бар, Дариға апайдың да сүйікті ұлынан айрылып қайғыдан қан жұтқан кезі болды, бірақ тағдырдың талай сынағы табиғатынан қайсар әйелді құлата алмады, бар қайратын жиып өмір сүруге талпынды. –Біз тек өзіміздің адал еңбегімізге сеніп өмір сүрдік. Ерім ертерек дүние салып, мен балалармен жалғыз қалдым. Оларды өсіріп-жеткізу  үшін барлық ауыртпалыққа шыдадым, оларды қатарынан қалдырмай, өсіріп, оқытып  жеткіздім. Менен көп адам ұзақ жасаудың сырын сұрайды. Айтарым: әрдайым адал еңбек етіңдер, бір-біріңе мейірімді, бауырмал болыңдар. Әрдайым жақсылық жасауға жандарың құмар болсын, ұзақ жасаудың сыры – тынымсыз тірлікте, - деп сөзін аяқтады нағыз қазақ әйелінің эталоны деуге лайық  Дариға апа.

Меруерт ЕСЕНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі