Жол үстінде тоқтаған жүрек

Новости
17.02.2017, 12:59
Қазақстан темір жолында екі мәрте «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған теміржолшы көп емес. Мұхамедияр Пірімбетов сол дара тұлғаның бірі еді...  Қызылорданың Сұлутөр станциясында тұратын ұстаздар Әбітай мен Шәмшияның  шаңырағындағы үш ұл мен екі қыздың тұңғышы Мұхамедияр бала кезден зеректігімен һәм алғырлығымен көзге түсіп, ауылдастары «әрине, мұғалімнің баласы емес пе...» десетін, баланың бойындағы ілім-білімге деген қабілетінің тек жалғыз ғана себебі осы болғандай. Алпысыншы жылдардың соңында орта мектепті  үздік бітірген Пірімбетовтердің тұңғышы ел-жұртты тағы да таңқалдырып, елдің оқуын місе тұтпай сонау Мәскеуге барып, темір жол институтының жол шаруашылығы  факультетіне  оқуға түсті. «Ә бәсе, әне, болар бала... деген осы» десіп тағы тамсанды ауылдастар. Жоғарғы оқу орнын да үздік бітіріп, Алматыдағы «Казжелдорпроект» институтына жолдамамен келген жас инженер кеңсе жұмысын қанағат тұтпай, өндіріске сұранды. Бір жылдан соң Қызылорда темір жолы бөлімшесінің жол қызметіне аға инженер болып барады. Аз жылда қызмет сатысымен тез өскен маман ПМС-156 мекемесінің бас инженері, бөлімше бастығының жол шаруашылығы бойынша орынбасары,№57 жол дистанциясының бастығы қызметтерін абыроймен атқарды.  Еңбекқорлығына тамаша ұйымдастырушылық  қабілеті сай, лидерлік қабілеті көзге ұрып тұрған маманға басшылық Батыс Қазақстан темір жолы басқармасы жол қызметінің бас инженері лауызымын ұсынды. Ол кезде отыздан асып, қырыққа толмаған жігіт үшін бұл өте жауапты үлкен қызмет еді. Өндірісте жан-жақты ысылып, тәжірибесі де толысқан Пірімбетов жаңа қызметті бірден дөңгелетіп әкетті, 80- жылдары артта қалған батыстағы темір жол инфрақұрылымын көтеруге тырысып,  оның өсу-өркендеу, даму дәуіріне өз қолтаңбасын қалдырды.  Одан әрі 90 жылдардағы тар жол-тайғақ кешу жылдары жоқтан бар жасап, темір жолдың жұмысын тоқтатпауға тырысқан өз ісіне шын берілген жүздеген мыңдаған теміржолшылар қатарында Мұхамедир Пірімбетов те жүрді. 1997 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны құрылған тарихи оқиға куә болып, егемен елдің темір жолын құрысуға бел шеше кірісіп кетті.  Ендігі жерде өз қызметін елордасы Астанада жалғастырып, Ақмола жол бөлімшесін басқарып, аймақтық жол басқармасы өкілдігінің бас инженері болды. Хромтау – Алтынсарин темір жолының құрылысына өз қолтаңбасын қалдырып, жолды пайдалану бойынша дирекция құрылғанда, оның бас инженерлігіне бұл қызметте орасан зор тәжірибесі бар Пірімбетов бірауыздан сайланды және 2004 жылы құрылысқа ерен еңбегі сіңген бір топ теміржолшылар қатарында саланың ең жоғары мәртебесі «Құрметті теміржолшы» белгісімен екінші мәрте марапатталды. Ұлы құрылыс аяқталып, әне-міне пайдалануға берілетін қарбалас сәт қызу жүріп жатқан бір күні  теміржолшының тынымсыз жүрегі... кенеттен сыр берді. Бүкіл саналы ғұмырын жол үстінде өткізген алып жүрек осылай тоқтады... Тірі болғанда ақпанның 18 күні 70 жасқа толатын теміржолшы Мұхамедияр Пірімбетов ел ағасы атанар алпысқа да жетпей, небәрі 57 жасында өмірден өткен еді.

Төлеген ЖЫЛКЕЛДИЕВ, Қызылорда

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников