Жол үстінде тоқтаған жүрек
Жаңалықтар
17.02.2017, 12:59
Қазақстан темір жолында екі мәрте «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған теміржолшы көп емес. Мұхамедияр Пірімбетов сол дара тұлғаның бірі еді...
Қызылорданың Сұлутөр станциясында тұратын ұстаздар Әбітай мен Шәмшияның шаңырағындағы үш ұл мен екі қыздың тұңғышы Мұхамедияр бала кезден зеректігімен һәм алғырлығымен көзге түсіп, ауылдастары «әрине, мұғалімнің баласы емес пе...» десетін, баланың бойындағы ілім-білімге деген қабілетінің тек жалғыз ғана себебі осы болғандай. Алпысыншы жылдардың соңында орта мектепті үздік бітірген Пірімбетовтердің тұңғышы ел-жұртты тағы да таңқалдырып, елдің оқуын місе тұтпай сонау Мәскеуге барып, темір жол институтының жол шаруашылығы факультетіне оқуға түсті. «Ә бәсе, әне, болар бала... деген осы» десіп тағы тамсанды ауылдастар.
Жоғарғы оқу орнын да үздік бітіріп, Алматыдағы «Казжелдорпроект» институтына жолдамамен келген жас инженер кеңсе жұмысын қанағат тұтпай, өндіріске сұранды. Бір жылдан соң Қызылорда темір жолы бөлімшесінің жол қызметіне аға инженер болып барады. Аз жылда қызмет сатысымен тез өскен маман ПМС-156 мекемесінің бас инженері, бөлімше бастығының жол шаруашылығы бойынша орынбасары,№57 жол дистанциясының бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Еңбекқорлығына тамаша ұйымдастырушылық қабілеті сай, лидерлік қабілеті көзге ұрып тұрған маманға басшылық Батыс Қазақстан темір жолы басқармасы жол қызметінің бас инженері лауызымын ұсынды. Ол кезде отыздан асып, қырыққа толмаған жігіт үшін бұл өте жауапты үлкен қызмет еді. Өндірісте жан-жақты ысылып, тәжірибесі де толысқан Пірімбетов жаңа қызметті бірден дөңгелетіп әкетті, 80- жылдары артта қалған батыстағы темір жол инфрақұрылымын көтеруге тырысып, оның өсу-өркендеу, даму дәуіріне өз қолтаңбасын қалдырды. Одан әрі 90 жылдардағы тар жол-тайғақ кешу жылдары жоқтан бар жасап, темір жолдың жұмысын тоқтатпауға тырысқан өз ісіне шын берілген жүздеген мыңдаған теміржолшылар қатарында Мұхамедир Пірімбетов те жүрді. 1997 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны құрылған тарихи оқиға куә болып, егемен елдің темір жолын құрысуға бел шеше кірісіп кетті. Ендігі жерде өз қызметін елордасы Астанада жалғастырып, Ақмола жол бөлімшесін басқарып, аймақтық жол басқармасы өкілдігінің бас инженері болды. Хромтау – Алтынсарин темір жолының құрылысына өз қолтаңбасын қалдырып, жолды пайдалану бойынша дирекция құрылғанда, оның бас инженерлігіне бұл қызметте орасан зор тәжірибесі бар Пірімбетов бірауыздан сайланды және 2004 жылы құрылысқа ерен еңбегі сіңген бір топ теміржолшылар қатарында саланың ең жоғары мәртебесі «Құрметті теміржолшы» белгісімен екінші мәрте марапатталды.
Ұлы құрылыс аяқталып, әне-міне пайдалануға берілетін қарбалас сәт қызу жүріп жатқан бір күні теміржолшының тынымсыз жүрегі... кенеттен сыр берді. Бүкіл саналы ғұмырын жол үстінде өткізген алып жүрек осылай тоқтады...
Тірі болғанда ақпанның 18 күні 70 жасқа толатын теміржолшы Мұхамедияр Пірімбетов ел ағасы атанар алпысқа да жетпей, небәрі 57 жасында өмірден өткен еді.
Төлеген ЖЫЛКЕЛДИЕВ, Қызылорда
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды