Бір күнді қауіпсіздікке арнады

Новости
21.02.2017, 10:57
Атырау локомотив пайдалану депосы директорының Ганюшкин айналым депосы бойынша орынбасары Ерлан Тарихов бастаған топ елді мекендегі Ақкөл орта мектебінің  оқушыларына бір күнін арнады. Мақсат – оқушыларды темір жол бойында  жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру, ұмытпауға дағдыландыру. Бұл күні 5-9 сынып оқушыларымен әңгіме өткізген депо орынбасары өз баяндамасында темір жол көлігіне жақын жүргенде аса қырағы болу қажеттігі және ол кезде көпірлерді, жаяу адам өткелдерін пайдалану керектігі, сондай- ақ, қауіпсіздікті сақтау мақсатында тыйым салынатын жағдайларға жан- жақты тоқталып, мысалдар келтірді.  –Темір жолға жақын жерде аса сақ болыңдар балалар, өйткені кез-келген сәтте байқаусызда пойыз келіп қалуы мүмкін. Темір жолдың бойымен, әсіресе рельспен жүруге болмайды. Кейде балалар темір жолды ойын алаңына айналдырамын деп опық жеп жатады. Темір жолдан өтетін өтпелі көпір болса да, кейбір ересектердің өзі  жолды қысқартуға тырысып, қарсы жаққа темір жол бойымен өтеді. Бұл – өте қауіпті. Әсіресе, күзетілмейтін темір жол өткелінен өткен кезде ерекше мұқият болған жөн. Ондай жерден өтер алдында жақын жерде пойыздың жоқтығына әбден көз жеткізу қажет,– деді Ерлан Тарихов. Бұдан кейін Атырау локомотив пайдалану депосының кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Қамиев пен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің нұсқаушысы Асқар Масалимов теміржол аумағында орын алатын жазатайым оқиғаларды азайту, болдырмау мақсатында ұйымдастырылған «Жолдағы адам» айлығының адамдар өмірінде алатын орны мен маңыздылығы туралы айта келіп, осы айлықты жоғары дәрежеде өткізуге оқушыларды атсалысуға шақырды. Дәл осындай басқосу Атырау қаласындағы №22 және №23 -ші орта мектептерінде де өтті. Мұнда Атырау локомотив пайдалану депосы директорының өндіріс бойынша орынбасары Эдуард Мырзалиев бастаған топ, машинист-нұсқаушылары мен тепловоз машинистері оқушылардың сауалдарына жауап берді.  

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников