Транзит  тасымалына  – тиімді тариф

Новости
24.02.2017, 10:43
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары екі ел арасында тасымалды арттырып, соған орай транзитке қолайлы тарифтік жеңілдік жасау жайын кеңесті. Бұл туралы сәрсенбі күні Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты үкіметаралық 16-отырысы аясындағы кездесуде  сөз болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев  «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшылығымен темір жол көлігі саласындағы өзара іскерлік байланысты дамыту туралы келіссөз өткізгенін хабарлайды. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдауда өсім байқалған. Тасымалдау көлемі алғаш рет 19 миллион тоннаны құраған. Кездесуде екі ел аумағымен транзиттік тасымалдау көлемін одан әрі өсіру мен жеңілдік тарифін қолдану жайы талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстаннан экспортқа шығарылатын астық және ұн өнімдерін 45-футтық рефрижаторлық контейнерлермен тасымалдаумен қатар Қазақстан аумағы арқылы өзбекстандық жеміс-жидектерді және басқа да азық-түлік өнімдерін транзиттік тасымалдау бойынша келісімдер жасалды. Соның барысында өзбек тарапынан келетін экспорттық және импорттық шараларын Ақтау және Құрық порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ұйымдастыру жайына «ҚТЖ» ҰК» АҚ баса назар аударып отыр. Ташкентте «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдаудың электрондық коммерциялық ілеспе құжаттары бойынша ақпарат алмасуы туралы Келісімге қол қойылды. Айта кетейік, қазақ-өзбек теміржолшылары соңғы жылдары көлік және логистика саласында өзара ынтымақтастықтығын нығайтуға қадам жасауда.  Астық, ұн, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзге де түрлеріне, минералды тыңайтқыштар мен түрлі-түсті металдар және басқа да жүктер тасымалына транзиттік тарифті жеңілдету мәселелерін жиі көтеріп жүр. Ақпарат ретінде айта кетсек, «Узбекистон темир йуллари» АҚ 1994 жылы құрылған. Қоғамға қарасты басты темір жолдың ұзындығы  3645 км. Компанияда 54,7 мың адам еңбек етеді. Жылдық жүк айналымы  барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалының 90 пайызын құрайды.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников