Транзит тасымалына – тиімді тариф
Жаңалықтар
24.02.2017, 10:43
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары екі ел арасында тасымалды арттырып, соған орай транзитке қолайлы тарифтік жеңілдік жасау жайын кеңесті.
Бұл туралы сәрсенбі күні Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты үкіметаралық 16-отырысы аясындағы кездесуде сөз болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшылығымен темір жол көлігі саласындағы өзара іскерлік байланысты дамыту туралы келіссөз өткізгенін хабарлайды.
Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдауда өсім байқалған. Тасымалдау көлемі алғаш рет 19 миллион тоннаны құраған. Кездесуде екі ел аумағымен транзиттік тасымалдау көлемін одан әрі өсіру мен жеңілдік тарифін қолдану жайы талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстаннан экспортқа шығарылатын астық және ұн өнімдерін 45-футтық рефрижаторлық контейнерлермен тасымалдаумен қатар Қазақстан аумағы арқылы өзбекстандық жеміс-жидектерді және басқа да азық-түлік өнімдерін транзиттік тасымалдау бойынша келісімдер жасалды. Соның барысында өзбек тарапынан келетін экспорттық және импорттық шараларын Ақтау және Құрық порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ұйымдастыру жайына «ҚТЖ» ҰК» АҚ баса назар аударып отыр. Ташкентте «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдаудың электрондық коммерциялық ілеспе құжаттары бойынша ақпарат алмасуы туралы Келісімге қол қойылды.
Айта кетейік, қазақ-өзбек теміржолшылары соңғы жылдары көлік және логистика саласында өзара ынтымақтастықтығын нығайтуға қадам жасауда. Астық, ұн, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзге де түрлеріне, минералды тыңайтқыштар мен түрлі-түсті металдар және басқа да жүктер тасымалына транзиттік тарифті жеңілдету мәселелерін жиі көтеріп жүр. Ақпарат ретінде айта кетсек, «Узбекистон темир йуллари» АҚ 1994 жылы құрылған. Қоғамға қарасты басты темір жолдың ұзындығы 3645 км. Компанияда 54,7 мың адам еңбек етеді. Жылдық жүк айналымы барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалының 90 пайызын құрайды.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі