Қазақстан брендіне айналуы тиіс өнім

Новости
24.02.2017, 10:55
Ақтөбеде бой көтерген рельсарқалық зауыты өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып отырған бірегей өндіріс орны. Соңғы инновациялық жетістіктермен жарақтанған  зауыт халықаралық стандарттар талабына толық жауап береді. Өткен жылы Ақтөбе рельсарқалық зауыты 76 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Кәсіпорындағы орташа жалақы мөлшері бүгінгі таңда 220 мың теңгені құрайды.  Осы аптада рельсарқалық зауытының ұжымымен кездескен Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев кәсіпорынның өткен жылғы көрсеткіштерімен танысқанын жеткізіп, биылға жоспарларымен танысып,  бірқатар ұсыныстарын да білдірді. Облыс басшысы таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанын, 2016 жылы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің алдыңғы  жылмен салыстырғанда жақсарғанын, тіпті республикалық деңгейден де жоғары екенін, ал онда Ақтөбе рельсарқалық зауытының қосып отырған үлесі қомақты екенін  жеткізді. –Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұндай зауыт саусақпен санарлық. Сондықтан, Ақтөбедегі рельсарқалық зауытының өнімі алдағы уақытта Қазақстанның брендіне айналуы керек,– деді облыс басшысы. Ал АРАЗ басшылығы бүгінде зауыт толық қуатына көшуге дайын екенін, сұраныс көбейсе, өнім көлемін арттыруға барлық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, облыс басшысына жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, қосымша  төлемдер туралы да баяндап берді. Айталық, зауыт былтыр әлеуметтік мәселелерді шешуге 300 миллион теңге жұмсаған екен. Бүгінде зауыт қызметкерлері осындағы асханадан тегін тамақтанады. Қала сыртында орналасқан зауытқа қатынау үшін жұмысшыларға арнайы автобус қарастырылған. Кәсіпорын жұмысы, әрине, оның өнімін өткізуге байланысты. Бүгінде өз еліміздің темір жолдарына төселіп жатқаннан бөлек, Өзбекстан, Әзіржайбан, Тәжікстан елдерімен келіссөздер жүргізілген. –Өткен жылы экономикалық дағдарысқа қарамастан, өңір экономикасының құлдырауына, жұмыссыздар санының көбеюіне жол бермедік. Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы дер кезінде беріліп келеді. 2017 жылғы көрсеткіштер де өткен жылғыдан төмен болмауы керек. Бәсекелестікке төтеп беретін, қазіргі заманның сұранысына сәйкес болатын өнімдер шығаруымыз керек. Халықтың тұрмысын жақсарту үшін жұмыс орындарын көптеп құрып, Елбасы берген тапсырмаларды орындауға күш салуымыз керек, – деген облыс басшысы  биылғы Президент жолдауында белгіленген басымдықтарға тоқталып,  кәсіпорын басшыларына одан әрі өндіріс көлемін арттыруға, оның ішінде қазақстандық үлесті көбейтіп, жоғары білікті мамандарды даярлау және  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, зауыт жоғары жылдамдықты теміржол магистральдерін салуға арналған рельстер шығарады, жобалық қуаты — 430 мың тонна дайын өнім, оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек. Шара соңында зауыт басшысы, аумақтық кәсіподақ бірлестігі мен облыс әкімі арасында еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойылды.

Асқар АҚТІЛЕУ,  Ақтөбе

Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников