Қазақстан брендіне айналуы тиіс өнім
Жаңалықтар
24.02.2017, 10:55
Ақтөбеде бой көтерген рельсарқалық зауыты өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып отырған бірегей өндіріс орны. Соңғы инновациялық жетістіктермен жарақтанған зауыт халықаралық стандарттар талабына толық жауап береді.
Өткен жылы Ақтөбе рельсарқалық зауыты 76 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Кәсіпорындағы орташа жалақы мөлшері бүгінгі таңда 220 мың теңгені құрайды. Осы аптада рельсарқалық зауытының ұжымымен кездескен Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев кәсіпорынның өткен жылғы көрсеткіштерімен танысқанын жеткізіп, биылға жоспарларымен танысып, бірқатар ұсыныстарын да білдірді.
Облыс басшысы таяуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғанын, 2016 жылы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің алдыңғы жылмен салыстырғанда жақсарғанын, тіпті республикалық деңгейден де жоғары екенін, ал онда Ақтөбе рельсарқалық зауытының қосып отырған үлесі қомақты екенін жеткізді.
–Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мұндай зауыт саусақпен санарлық. Сондықтан, Ақтөбедегі рельсарқалық зауытының өнімі алдағы уақытта Қазақстанның брендіне айналуы керек,– деді облыс басшысы.
Ал АРАЗ басшылығы бүгінде зауыт толық қуатына көшуге дайын екенін, сұраныс көбейсе, өнім көлемін арттыруға барлық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, облыс басшысына жұмысшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, қосымша төлемдер туралы да баяндап берді. Айталық, зауыт былтыр әлеуметтік мәселелерді шешуге 300 миллион теңге жұмсаған екен. Бүгінде зауыт қызметкерлері осындағы асханадан тегін тамақтанады. Қала сыртында орналасқан зауытқа қатынау үшін жұмысшыларға арнайы автобус қарастырылған. Кәсіпорын жұмысы, әрине, оның өнімін өткізуге байланысты. Бүгінде өз еліміздің темір жолдарына төселіп жатқаннан бөлек, Өзбекстан, Әзіржайбан, Тәжікстан елдерімен келіссөздер жүргізілген.
–Өткен жылы экономикалық дағдарысқа қарамастан, өңір экономикасының құлдырауына, жұмыссыздар санының көбеюіне жол бермедік. Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы дер кезінде беріліп келеді. 2017 жылғы көрсеткіштер де өткен жылғыдан төмен болмауы керек. Бәсекелестікке төтеп беретін, қазіргі заманның сұранысына сәйкес болатын өнімдер шығаруымыз керек. Халықтың тұрмысын жақсарту үшін жұмыс орындарын көптеп құрып, Елбасы берген тапсырмаларды орындауға күш салуымыз керек, – деген облыс басшысы биылғы Президент жолдауында белгіленген басымдықтарға тоқталып, кәсіпорын басшыларына одан әрі өндіріс көлемін арттыруға, оның ішінде қазақстандық үлесті көбейтіп, жоғары білікті мамандарды даярлау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, зауыт жоғары жылдамдықты теміржол магистральдерін салуға арналған рельстер шығарады, жобалық қуаты — 430 мың тонна дайын өнім, оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек. Шара соңында зауыт басшысы, аумақтық кәсіподақ бірлестігі мен облыс әкімі арасында еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойылды.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі