Әсел ТАҢАТАРОВА
Ақтөбе «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — Магистральдық желілер дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов бастаған топты Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залына лық толы теміржолшылар қарсы алды. Елбасының өткен айдағы халыққа жолдауының маңызы, теміржолшыларға артып отырған міндет-мақсаты жайлы кеңінен толғаған Жарас Төкенұлы, Жолдау – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, биыл ауқымды шара EXPO-2017 көрмесі өткізгелі отырған Қазақстандай ел дамуының бағдарламасы деді өз сөзінде. –Біз бір салада еңбек еткен соң, бір бірімізді жақсы түсінеміз, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында илейтініміз де бір терінің пұшпағы болмақ. Жалпы, жаңғырту шаралары бұрыннан қолға алынып келеді. Жасалған жұмыс аз емес. Жоспар мен жоба одан көп. Ендігі мақсат – жолдауда айтылған жаңғырту жаңашылдықтардың қажеттігін көздейді. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында роботтар шығарылу керек. Компьютерлендіру шаралары қолға алынуы қажет, – деген Қуат Есімханов Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды орындауда темір жол саласының да рөлі бар екеніне тоқталды. – Әсіресе, логистика саласын дамыту бойынша, Қазақстан экономикасының күре тамыры темір жолға салмақ түсетін болады. Контейнерлік тасымал арқылы портқа қатынау, одан басқа мемлекеттерге шығу, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу керек. Тасымалдан түсетін пайда миллиардтаған долларға жету керек,– деді баяндамашы. Жиын соңында сөз алған Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов Елбасы жолдауын теміржолшы қауымға жеткізуге келген астаналық меймандарға көпшілік атынан алғысын білдірді.Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе