Жолдау жүктеген міндеттер
Жаңалықтар
24.02.2017, 11:35
Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауына қатысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді теміржолшылар да бастап кетті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан құрылған ақпараттық-насихаттық тобы бүгінгі таңда батыс теміржолшыларын аралап, жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіруде.
Маңғыстау
Дүйсенбі күні түбек темір жолына ат басын тіреген топ құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов, «Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімханов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының кадр және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы Руслан Барбасов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері Аманқос Баймағамбетов пен Адилбай Семеновтар болды.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты кең көлемде түсінік берген топ мүшелері, оның ішінде темір жол, көлік саласына байланысты міндеттерге кеңінен тоқталды.
–«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана халқымыз. Елбасының халыққа жолдаған жолдауының жүгін қалың ел бірге көтеріссек, алынбайтын қамал жоқ. Елбасының осы жолғы жолдауында сөз болған үшінші жаңғырудың алға қойып отырғаны – технологиялық жаңғыруды тездетіп жасау. Тағы бір нақты жоспар – Қазақстан экономикасы жыл сайын бес пайызға өсіріп отыруға қол жеткізу. Жолдауда аты аталынып, түсі түстелген басымдықтың бірі – Құрық порты. Болашақта Құрық портын Қазақстанның ең қуатты халықаралық портына айналдыру мына сіздер мен біздердің міндетіміз, – деді өз сөзінде Қуат Есімханов.
Қарт түбектің халқымен екі-үш сағат мәжіліс құрған насихаттық топ сапарын әрі қарай жалғастырып, Ақтөбе, Орал, Атырау аймақтарына бет түзеді.
Әсел ТАҢАТАРОВА
Ақтөбе «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — Магистральдық желілер дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов бастаған топты Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залына лық толы теміржолшылар қарсы алды. Елбасының өткен айдағы халыққа жолдауының маңызы, теміржолшыларға артып отырған міндет-мақсаты жайлы кеңінен толғаған Жарас Төкенұлы, Жолдау – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, биыл ауқымды шара EXPO-2017 көрмесі өткізгелі отырған Қазақстандай ел дамуының бағдарламасы деді өз сөзінде. –Біз бір салада еңбек еткен соң, бір бірімізді жақсы түсінеміз, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында илейтініміз де бір терінің пұшпағы болмақ. Жалпы, жаңғырту шаралары бұрыннан қолға алынып келеді. Жасалған жұмыс аз емес. Жоспар мен жоба одан көп. Ендігі мақсат – жолдауда айтылған жаңғырту жаңашылдықтардың қажеттігін көздейді. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында роботтар шығарылу керек. Компьютерлендіру шаралары қолға алынуы қажет, – деген Қуат Есімханов Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды орындауда темір жол саласының да рөлі бар екеніне тоқталды. – Әсіресе, логистика саласын дамыту бойынша, Қазақстан экономикасының күре тамыры темір жолға салмақ түсетін болады. Контейнерлік тасымал арқылы портқа қатынау, одан басқа мемлекеттерге шығу, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу керек. Тасымалдан түсетін пайда миллиардтаған долларға жету керек,– деді баяндамашы. Жиын соңында сөз алған Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов Елбасы жолдауын теміржолшы қауымға жеткізуге келген астаналық меймандарға көпшілік атынан алғысын білдірді.Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі