Қызылсайда өткен қауіпсіздік күні
Новости
24.02.2017, 12:29
Кешегі тоқырау жылдары жұрт қалаға жаппай қоныс аударып, темір жолға жақын бос жерлерден үй салған. Сөйтіп, бір кездері елді мекеннен жырақ жатқан темір жол халық көбейген сайын жақындап, адамдар қауіпті аймақтың кез-келген жерін кесіп өтуде.
Мысалы, Қызылсай бекетінің маңында шоғырланған үш мың халық шойын жолдың екі бетінде жағалай қоныстанған. Нәтижесінде Қызылсай – Шымкент – Манкент арасында өткен жылы алты адамды пойыз қағып, бесеуі өліммен аяқталды. Аспалы көпір салуға қаржы бөлінбеген. Қоршау әлі жоба күйінде. Әзірше адамдарды қауіп-қатерден сақтандырудың бір ғана жолы – профилактика, ел аралап, тұрғындар арасында түсінік жұмысын жүргізу болыр тұр. Болмаса заң арқылы айыппұл төлетіп, арнайы жерлерден өткізуге мәжбүрлеу.
Осы мақсатта Қызылсайды бетке алған топ құрамында Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Мұсаев пен еңбек қорғау инженері Ақберен Әбдірахманов, Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Орынбасар Мәмбетов пен ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Аида Мақашева бастаған тәртіп сақшылары бар.
– Биылдан бастап әр сәрсенбіде станцияларға шығамыз. Бөгде адамдарды пойыз жолдың қауіпсіз жерінен өткізудің амалдарын қарастырамыз. Қоршау ісі біздің құзырымызға кірмесе де, халыққа заң бойынша жаза қолдану, құқықтық сауаттарын ашуды үзбей жүргізе бермекпіз. Көз алдарында қанша оқиға, жантүршігерлік адам өлімі болып жатса да, адамдар жолды кез келген жерден кесіп өтуін тоқтарар емес, – дейді полковник Орынбасар Мәмбетов.
Соңғы жылдары Қызылсай станциясының маңайында күзет күшейген. Әскерилендірілген қүзет қызметінің бес күзетшісінің екеуі бекеттің «Оңтүстік» және «Солтүстік» алқымында, тағы екеуі балалар мектептен қайтатын түскі уақытта сол тұстағы темір жол бойында тұрады. Ал біреуі станцияға екі пойыз қатар келгенде жаяу жүргіншілерді бақылайды. Жарты жыл бұрын жерден тас атып оқушылар пойыз терезесін сындырған. Содан бері күзетшілер оқушылардың сабақтан қайтқан кезінде мектеп жанындағы темір жолда жүреді.
Машинистердің шұғыл тежегішті жиі қолданатыны да осы Қызылсай – Шымкент – Манкент, Қорғасын – Черновод аралығы. Алдағы жылы Қорғасын – Черновод арасы мен Бадам бекетінің айналасын қоршау жобада бар. Ал Қызылсай станциясына қоршау жүргізу 2018-2019 жылдары қолға алынбақ. Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Мұсаевтың айтуынша, машинистердің шұғыл тежегішті басу оқиғасы көбіне түнде орын алады, сондықтан қоршалуы маңызды. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қаншама қаржы бөлініп жүргізілген қоршаудың өзін құртып жатқандарға не шара?..
–Қоршау мен көпір пайда болғанша бір адамның болсын өмірін сақтап қалуға септігімізді тигізейік. 5-10 минутқа жолды қысқартамын деп, өмірімен қоштасып немесе мүгедек болып қалулары мүмкіндігін ескертуден жалықпайық. Желілік полиция қызметкерлері станцияларды жиі аралап жүргенін көрген соң, халық айыппұл төлегісі келмей тәртіпке бағынады. Қазір ұялы телефон деген – мылтықсыз майдан болды. Оқушылар құлаққап тағып, пәлен шақырымнан ысқырған пойыз даусын естімеуде. Екі-үш рет айыппұл төлеген соң жүргіншілер көпірден өтуге дағдыланатынына Түлкібаста көз жеткіздік, – дейді Орынбасар Мәмбетов.
Станция бастығы Баянды Раманқұлов осы өткелге тас төсеп, екі рет электр жарығын тартып бергендерін, бірақ ауыл ішіндегі бұзықтар көпке шыдатпағанын жеткізді. Жалпы, өткелге жарық тартып, айналасын ретке келтіру әкімдіктің шаруасы болғандықтан, жиналғандар келесі отырысқа жергілікті әкімшілік мамандарының да қатысуын талап етті. Өйткені, қауіпсіздік мәселесі баршаға ортақ.
...бәрі адам факторымен байланысты
Аспалы көпірі жоқ, туннель қашықта орналасқан Қызылсайда мектеп оқушылары үшін темір жол екі есе қауіпті. Сондықтан, арнайы топтың қауіпсіздік жайлы үгіт-насихат жұмысы алдымен №102 мектептен басталды.
Мұғалімдердің айтуынша, оқушылар түсіндіруден кенде емес, арасында темір жолда жүру ережесін түсіндіретін қосымша сабақтар өткізіледі. Осы ауылда оқушы кезінде аяғын пойыз кесіп кеткен, бүгінде жігіт ағасы болған мүгедек жанның тұратынын да балаларға мысал етеді. Бірақ бала да, ересектер де темір жолды кесіп өтуін тоқтатар емес.
–Машинист алыстан жолдағы адамды көргенмен, пойызды бірден тоқтата алмайды. Жедел тежегішті басқанның өзінде 400-500 метрде ғана тоқтайды. Пойыз келе жатқанда одан он метр қашық тұру керек. Мыңдаған жүктің салмағымен келе жатқан оның екпіні қатты болады. Пойыз қақпай-ақ, сол желдің екпінімен ұшып кетесіңдер. Қызылсай – Шымкент – Қорғасын – Бадам бағыты қала ішінде болғандықтан, пойыздар қоғамдық көлікпен қабаттасып жүреді. Темір жолдың маңайындағы тұрғындарға кез-келген жерінен кесіп өткені үшін айыппұл салуға рұқсат беруін сұрап, жоғарыға хат жаздық. Автожол бойында айыппұл мөлшері көбейген соң көлік жүргізуші белдігін тағып, алдыңғы жарығын жағып жүр ғой. Сол сияқты ертең темір жолдың жағасында бей-берекетсіз жүрмеуге де халық үйренеді. Айыппұл мөлшері 5 АЕК. Бір айлық есептік көрсеткіш 2300 теңге болса, бес АЕК 11000 теңгеге барады. Былтыр Қызылсай – Шымкент – Қорғасын телімдерін қоршау жұмысының өзіне 126 млн, ал материалға 184 млн кеткен. Ал сол қоршаудың өзін бұзып жатқандар кездесуде, бұл – барып тұрған қылмыс емей не? – деді Шымкен жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Әмірханұлы мектеп оқушыларымен кездесуде.
Темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өткендерге жаза қолданылуы жайлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 559 бабының 5 тармағында көрсетілген. Тұрғындар өз қауіпсіздіктері үшін Қызылсай станциясының алдындағы теміржолшыларға арналған шағын өтпеден өту екені ескертілмейтін күн жоқ.
Шымкент станциясындағы ІІЖБ ювеналды полиция тобының инспекторы Аида Мақашева халық санының өсуіне байланысты, жергілікті әкімдікке көпір салыну қажеттігі жайлы қаншама өтініш жіберілгенін айтты. Биліктегілер әзірге қаржының жоқтығын алға тартуда екен.
–Егер адам темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенде аяғын кесіп алып жазым болса, мүгедектігіне қарамастан қылмыстық іс қозғалады. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мүгедектер жауапқа тартылмасын деген нұсқау жоқ. Өткен жылы Бадам бекетінде 5- 6 жасар екі қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, темір жол бойында ойнап ұзап кеткен. Жүк пойызының машинистері бүлдіршіндерді алыстан көрген соң, жедел тежегішті басып тоқтап үлгерген. Сол маңайда баланы тапсырып кететін ешкім болмаған соң, өздерімен пойызға мінгізіп ІІЖБ әкелген. Жауапсыз ата-анасын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотқа тартып, 15 мың теңге айыппұл салынды,– деп мысал келтірді.
Аида Дүйсенәліқызы халыққа біреу көпір салып, жағдайын жасауды күтіп отырмай өз қауіпсіздіктерін өздері қамтамасыз етулері қажеттігін түсіндіруге тырысты. Бақытыз оқиғаның бәрі адам факторымен байланысты, темір жол бойын белгіленбеген жерден кесіп өткендіктен орын алуда. Жолшылардың өзі жол жөндеуге шыққанда бес км жерден екі адам «сигналист» болып, келе жатқан пойыздан хабар беріп тұратынын мысал етті.
–Пойыз жедел тежегішті басқан сайын оның шығынын сол телімдегі жолшы мен бригадирден өндіруде. Тоқтаған пойыздың бір минуты 8600 теңге, ол қайта жүргенше бес минут өтеді. Яғни, бөгде біреу пойыз тежегішін бастырғаны үшін жолшының айлығынан 5 минутқа 40 мың теңге ұсталады. Жолды күтіп-баптап отырған жолшылардың кінәсі не? – деді Нұралхан Мұсаев.
Ал оқушы кесірінен пойыз тоқтайтын болса, ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа айыппұл төлейді. Айыппұл төлеуге шамасы келмесе бір тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Осылай, сала мамандары ережені заңмен де, мысалмен де түсіндіруге тырысып, әркімді өз-өзіне, айналасына абай болуға шақырды. Осы жиында мектеп директоры облыстық прокуратурадан ендігі жерде оқушыларға смартфон ұстауға қатаң тиым салынғаны жайлы хат келгенін ескерті. Ендігі жерде мектепке кірер алдында оқушылар бір-бірлеп тексерілмек, нәтижесінде жол бойында құлаққаппен әуен тыңдайтындар азаяр деген сенім бар.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников