Қызылсайда өткен қауіпсіздік күні

Жаңалықтар
24.02.2017, 12:29
Кешегі тоқырау  жылдары жұрт қалаға жаппай қоныс аударып, темір жолға жақын бос жерлерден үй салған.  Сөйтіп, бір кездері елді мекеннен жырақ жатқан темір жол халық көбейген сайын  жақындап, адамдар қауіпті аймақтың кез-келген жерін кесіп өтуде.  Мысалы, Қызылсай бекетінің маңында шоғырланған үш мың халық шойын жолдың екі бетінде жағалай қоныстанған.  Нәтижесінде Қызылсай – Шымкент – Манкент арасында өткен жылы алты адамды пойыз қағып, бесеуі өліммен аяқталды. Аспалы  көпір салуға қаржы бөлінбеген. Қоршау әлі жоба күйінде. Әзірше адамдарды қауіп-қатерден сақтандырудың бір ғана жолы – профилактика, ел аралап, тұрғындар арасында түсінік жұмысын жүргізу болыр тұр. Болмаса заң арқылы айыппұл төлетіп, арнайы жерлерден өткізуге мәжбүрлеу. Осы мақсатта Қызылсайды бетке алған топ құрамында Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Мұсаев пен еңбек қорғау инженері Ақберен Әбдірахманов, Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Орынбасар Мәмбетов пен ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Аида Мақашева бастаған тәртіп сақшылары бар. – Биылдан бастап әр сәрсенбіде станцияларға шығамыз. Бөгде адамдарды пойыз жолдың қауіпсіз жерінен өткізудің амалдарын қарастырамыз. Қоршау ісі біздің құзырымызға кірмесе де, халыққа заң бойынша жаза қолдану, құқықтық сауаттарын ашуды үзбей жүргізе бермекпіз. Көз алдарында қанша оқиға, жантүршігерлік адам өлімі болып жатса да, адамдар  жолды кез келген жерден кесіп өтуін тоқтарар емес, – дейді полковник Орынбасар Мәмбетов. Соңғы жылдары Қызылсай станциясының маңайында күзет күшейген.  Әскерилендірілген қүзет қызметінің бес күзетшісінің екеуі бекеттің «Оңтүстік» және «Солтүстік» алқымында, тағы екеуі балалар мектептен қайтатын түскі уақытта сол тұстағы темір жол бойында тұрады. Ал біреуі станцияға екі пойыз қатар келгенде жаяу жүргіншілерді бақылайды. Жарты жыл бұрын жерден тас атып  оқушылар пойыз терезесін сындырған. Содан бері күзетшілер оқушылардың сабақтан қайтқан кезінде мектеп жанындағы темір жолда жүреді. Машинистердің шұғыл тежегішті жиі қолданатыны да  осы Қызылсай – Шымкент – Манкент, Қорғасын – Черновод аралығы. Алдағы жылы Қорғасын – Черновод арасы мен Бадам бекетінің айналасын қоршау жобада бар. Ал Қызылсай станциясына қоршау жүргізу 2018-2019 жылдары қолға алынбақ. Шымкент жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Мұсаевтың айтуынша, машинистердің шұғыл тежегішті басу оқиғасы көбіне түнде орын алады, сондықтан қоршалуы маңызды. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қаншама қаржы бөлініп жүргізілген қоршаудың өзін құртып жатқандарға не шара?.. –Қоршау мен көпір пайда болғанша бір адамның болсын өмірін сақтап қалуға септігімізді тигізейік. 5-10 минутқа жолды қысқартамын деп, өмірімен қоштасып немесе мүгедек болып қалулары мүмкіндігін ескертуден жалықпайық. Желілік полиция қызметкерлері станцияларды жиі аралап жүргенін көрген соң, халық айыппұл төлегісі келмей тәртіпке бағынады. Қазір ұялы телефон деген – мылтықсыз майдан болды. Оқушылар құлаққап тағып, пәлен шақырымнан ысқырған пойыз даусын естімеуде. Екі-үш рет айыппұл төлеген соң жүргіншілер көпірден өтуге дағдыланатынына Түлкібаста көз жеткіздік, – дейді Орынбасар Мәмбетов. Станция бастығы Баянды Раманқұлов осы өткелге тас төсеп, екі рет электр жарығын тартып бергендерін, бірақ ауыл ішіндегі бұзықтар көпке шыдатпағанын  жеткізді. Жалпы, өткелге жарық тартып, айналасын ретке келтіру әкімдіктің шаруасы болғандықтан, жиналғандар келесі отырысқа  жергілікті әкімшілік мамандарының да қатысуын талап етті. Өйткені, қауіпсіздік мәселесі баршаға ортақ.   ...бәрі адам факторымен байланысты Аспалы көпірі жоқ, туннель қашықта орналасқан Қызылсайда мектеп оқушылары үшін темір жол  екі есе қауіпті. Сондықтан, арнайы топтың қауіпсіздік жайлы үгіт-насихат жұмысы алдымен №102 мектептен басталды.  Мұғалімдердің айтуынша, оқушылар түсіндіруден кенде емес, арасында темір жолда жүру ережесін түсіндіретін  қосымша сабақтар өткізіледі. Осы ауылда оқушы кезінде аяғын пойыз кесіп кеткен, бүгінде жігіт ағасы болған мүгедек жанның тұратынын да балаларға мысал етеді. Бірақ бала да, ересектер де темір жолды кесіп өтуін тоқтатар емес.  –Машинист алыстан жолдағы адамды көргенмен, пойызды бірден тоқтата алмайды. Жедел тежегішті басқанның өзінде 400-500 метрде ғана тоқтайды. Пойыз келе жатқанда одан он метр қашық тұру керек. Мыңдаған жүктің салмағымен келе жатқан оның екпіні қатты болады. Пойыз қақпай-ақ, сол желдің екпінімен ұшып кетесіңдер. Қызылсай – Шымкент – Қорғасын – Бадам бағыты қала ішінде болғандықтан, пойыздар қоғамдық көлікпен қабаттасып жүреді. Темір жолдың маңайындағы тұрғындарға кез-келген жерінен кесіп өткені үшін айыппұл салуға рұқсат беруін сұрап, жоғарыға хат жаздық. Автожол бойында айыппұл мөлшері көбейген соң көлік жүргізуші белдігін тағып, алдыңғы жарығын жағып жүр ғой. Сол сияқты ертең темір жолдың жағасында бей-берекетсіз жүрмеуге де халық үйренеді. Айыппұл мөлшері 5 АЕК. Бір айлық есептік көрсеткіш  2300 теңге болса, бес АЕК 11000 теңгеге барады. Былтыр Қызылсай – Шымкент – Қорғасын телімдерін қоршау жұмысының өзіне 126 млн, ал материалға 184 млн кеткен. Ал сол қоршаудың өзін бұзып жатқандар кездесуде, бұл – барып тұрған қылмыс емей не? – деді Шымкен жол дистанциясының бас инженері Нұралхан Әмірханұлы мектеп оқушыларымен кездесуде. Темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өткендерге жаза қолданылуы жайлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 559 бабының 5 тармағында көрсетілген. Тұрғындар өз қауіпсіздіктері үшін Қызылсай станциясының алдындағы теміржолшыларға арналған шағын өтпеден өту екені ескертілмейтін күн жоқ.  Шымкент станциясындағы ІІЖБ ювеналды полиция тобының инспекторы Аида Мақашева халық санының өсуіне байланысты, жергілікті әкімдікке көпір салыну қажеттігі жайлы қаншама өтініш жіберілгенін айтты. Биліктегілер әзірге қаржының жоқтығын алға тартуда екен.  –Егер адам темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенде аяғын кесіп алып жазым болса, мүгедектігіне қарамастан қылмыстық іс қозғалады. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мүгедектер жауапқа тартылмасын деген нұсқау жоқ. Өткен жылы Бадам бекетінде 5- 6 жасар екі қыз бала ата-анасының қарауынсыз қалып, темір жол бойында ойнап ұзап кеткен. Жүк пойызының машинистері бүлдіршіндерді  алыстан көрген соң, жедел тежегішті басып тоқтап үлгерген. Сол маңайда баланы тапсырып кететін ешкім болмаған соң, өздерімен пойызға мінгізіп ІІЖБ әкелген.  Жауапсыз ата-анасын  кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотқа тартып, 15 мың теңге айыппұл салынды,– деп мысал келтірді.   Аида Дүйсенәліқызы халыққа  біреу көпір салып, жағдайын жасауды күтіп отырмай өз қауіпсіздіктерін өздері қамтамасыз етулері қажеттігін түсіндіруге тырысты.  Бақытыз  оқиғаның бәрі адам факторымен байланысты, темір жол бойын белгіленбеген жерден кесіп өткендіктен орын алуда. Жолшылардың өзі жол жөндеуге шыққанда бес км жерден екі адам «сигналист» болып, келе жатқан пойыздан хабар беріп тұратынын мысал етті. –Пойыз жедел тежегішті басқан сайын оның шығынын сол телімдегі жолшы мен бригадирден өндіруде. Тоқтаған пойыздың бір минуты 8600 теңге, ол қайта жүргенше бес минут өтеді. Яғни, бөгде біреу пойыз тежегішін бастырғаны үшін жолшының айлығынан 5 минутқа 40 мың теңге ұсталады. Жолды күтіп-баптап отырған жолшылардың кінәсі не? – деді Нұралхан Мұсаев. Ал оқушы кесірінен пойыз тоқтайтын болса, ата-анасы  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа айыппұл төлейді. Айыппұл төлеуге шамасы келмесе бір тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Осылай, сала мамандары ережені заңмен де, мысалмен де түсіндіруге тырысып, әркімді өз-өзіне, айналасына абай болуға  шақырды. Осы жиында  мектеп директоры облыстық прокуратурадан ендігі жерде оқушыларға смартфон ұстауға қатаң тиым салынғаны жайлы хат келгенін ескерті. Ендігі жерде мектепке кірер алдында оқушылар бір-бірлеп тексерілмек, нәтижесінде жол бойында құлаққаппен әуен тыңдайтындар азаяр деген сенім бар.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Аймақтар
02.07.2025
«Таза Қазақстан»: Семей теміржолшылары санитарлық тазалықты күшейтуде
Жүк тасымалы
02.07.2025
Бірінші жартыжылдықта ҚТЖ желісінде экспорттық тасымалдың өсуі тіркелді
Әлемде
02.07.2025
Трансауған теміржол магистралі іске аса ма?
Жаңалықтар
02.07.2025
Түркістан станциясында жас жігіт суицид жасамақ болды
Жүк тасымалы / Апта саны
01.07.2025
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалы 53%-ға өсті
ҚТЖ келбеті
01.07.2025
100 маман іріктелді
Инфрақұрылым
01.07.2025
Шымкент жолшылары асарлатып ауқымды жұмыс атқарды
Аймақтар
01.07.2025
Жұмысшыларды тасымалдайтын жаңа автобус пайдалануға берілді
Жаңалықтар
01.07.2025
Абай мұрасы насихатталды
Қауіпсіздік
01.07.2025
Теміржол нысандарындағы өрт қауіпсіздігі
Жаңалықтар / Мұрағат
01.07.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №50 01 шілде 2025 жыл
Аймақтар
30.06.2025
Күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесін беруде
Станция тынысы
30.06.2025
Семей станциясы үздік атанды
Әлеумет
30.06.2025
Айназдың алғашқы жеңісі
Жаңалықтар
30.06.2025
"Қазақстан темір жолы" төрт жылда неге қол жеткізді?
Жаңалықтар
30.06.2025
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды
Жолаушылар тасымалы
30.06.2025
ҚТЖ Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз тағайындады
Жаңалықтар
30.06.2025
Түрік компаниясы елімізде логистикалық инфрақұрылымға инвестиция салмақ
Инфрақұрылым
28.06.2025
Елімізде теміржол желісіне ауқымды жаңғырту жүргізуде
Жаңалықтар
27.06.2025
Варшавада ТХКБ дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті