Стратегиялық міндеттер қолға алынуда
Новости
28.02.2017, 16:09
Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру үшін Шымкент өңіріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов бастаған жұмыс тобы келіп, аймақ теміржолшылармен келелі жиын өткізді.
Алдымен сөз алған Арман Тұрарбекұлы Н.Назарбаев бұл Жолдауда еліміздегі экономика саласын жаңғырту мен бизнестік ортаны кеңейтуді, макроэономикалық тұрақтылық пен адами капитал сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлгенін атап өтті. Әсіресе елдегі бизнес саласының дамуы ірі компания ретінде «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ көліктік-логистикалық холдингінің жұмыс сапасына, тиімділігіне тәуелді екеніне тоқталды. Ал Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев:
–Жолдаудағы бірінші басымдық шеңберіндегі тапсырмаға орай «ҚТЖ» ҰҚ»АҚ тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыруды дамытпақ. Ол үшін саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру көзделуде. Бүгінде осы мақсатта Әзірбайжан, Тәжікстан, Молдава, Моңғолия, Украина, Ауғанстан, Польша, Грузия, Өзбекстан, Литва, Беларусь, Иран, Түрікменстан, Ресеймен келісімдер жүргізілді. Тау-кен металлургиясы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының өнімін тұрақты тасымалдау үшін ағымдағы жылы 8 мың, 2025 жылға дейін 25 мың жүк вагоны қажет болатындықтан, соны іске асырудың тетіктері айқындалуда. Еліміздің агроөнеркәсіп секторын қамтамасыз етуде ұлттық компания «Қорғас– Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін дамытуға шет елдік инвесторлар мен технологияларды тарту жұмысын қолға алған. Оның ішінде тез бүлінетін көкөніс сынды тауарларды тасымалдау үшін рефрижераторлық контейнерлерді сатып алу және мамандандырылған шаттл жүйесіндегі пойыздарды ұйымдастыру жоспарлануда. Отандық ауыл шаруашылық өнімдері тасымалын оңтайландыруда «KTZ Express» АҚ мен Өзбекстан арасында «Халықаралық сауда үйі» құрылса, шілдеге дейін Тәжікстанмен құрылмақ. Бұл жүйе елдер арасындағы сауданы дамыту мен өркендетуге мүмкіндік береді,– деді.
Жолдауда қойылған стратегиялық міндеттердің бірі – жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. ҚТЖ осы бағытта, 2023 жылға қарай транзиттік контейнер тасымалының көлемін 7 есе, табысты 5,5 есе, яғни, жылына 4 млрд долларға дейін көбейтуді жоспарлап отыр екен. Жолаушыларды әуе бағытымен тасымалдауды 4 есе яки 1,6 млн жолаушыға дейін арттыру жүзеге аспақ. Одан бөлек, ағымдағы жылы Қазақстан аумағында 2500 контейнерлік пойыз ұйымдастырылады. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін Елбасы Құрық портын салудың екінші кезеңінде автомобиль өткелі құрылысын іске асыруды міндеттеген. Жаһандық нарықтағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін Компания Шығыс Азияның Дубай арқылы Еуропаға дейін «Seir-Air» логистикалық тізбегіне балама ретінде темір жол және әуе көлігін аралас тасымалдаудың «Rail-Air» жүйесіне жаңа көлік өнімдерін әзірлеуде екен. Сондай-ақ, бизнес саласын дамытуға кететін шығынды азайту шарасы да назардан тыс қалмақ емес. Ол үшін Ұлттық компания экспорттық тасымалдауда туындайтын уақыт және құн шығынын кемітудің жолдарын нақтыламақ. Сол арқылы елдегі компаниялардың бизнес жүргізу ісі жеңілдетіледі.Соңғы уақытта эскпорттық контейнерлердің Қазақстан аумағы бойынша өтуі бестен екі тәулікке қысқарғандықтан, тасымалдауда кететін шығынның 40 пайызы үнемделуде.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Новости
05.10.2026
О ходе дноуглубительных работ в порту Актау рассказали в Минтрансе
Регионы
05.10.2026
Реконструкция вокзала станции Аксу-2 завершена в Павлодарской области
Регионы
05.10.2026
Уральские железнодорожники отметили День пожилого человека
КТЖ в лицах
05.10.2026
Династия Шакеновых: 522 года на железной дороге Казахстана
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество