Стратегиялық міндеттер қолға алынуда

Жаңалықтар
28.02.2017, 16:09
Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру үшін Шымкент өңіріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов бастаған жұмыс тобы келіп, аймақ теміржолшылармен келелі жиын өткізді. Алдымен сөз алған Арман Тұрарбекұлы Н.Назарбаев бұл Жолдауда еліміздегі экономика саласын жаңғырту мен бизнестік ортаны кеңейтуді, макроэономикалық тұрақтылық пен адами капитал сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлгенін атап өтті. Әсіресе елдегі бизнес саласының дамуы ірі компания ретінде «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ көліктік-логистикалық холдингінің жұмыс сапасына, тиімділігіне тәуелді екеніне тоқталды.  Ал  Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев: –Жолдаудағы бірінші басымдық шеңберіндегі тапсырмаға орай «ҚТЖ» ҰҚ»АҚ тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыруды дамытпақ. Ол үшін саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру көзделуде. Бүгінде осы мақсатта Әзірбайжан, Тәжікстан, Молдава, Моңғолия, Украина, Ауғанстан, Польша, Грузия, Өзбекстан, Литва, Беларусь, Иран, Түрікменстан, Ресеймен келісімдер жүргізілді. Тау-кен металлургиясы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының өнімін тұрақты тасымалдау үшін ағымдағы жылы 8 мың, 2025 жылға дейін 25 мың жүк вагоны қажет болатындықтан, соны іске асырудың тетіктері айқындалуда. Еліміздің агроөнеркәсіп секторын қамтамасыз етуде ұлттық компания «Қорғас– Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін дамытуға шет елдік инвесторлар мен технологияларды тарту жұмысын қолға алған. Оның ішінде тез бүлінетін көкөніс сынды тауарларды тасымалдау үшін рефрижераторлық контейнерлерді сатып алу және мамандандырылған шаттл жүйесіндегі пойыздарды ұйымдастыру жоспарлануда. Отандық ауыл шаруашылық өнімдері тасымалын оңтайландыруда «KTZ Express» АҚ мен  Өзбекстан арасында «Халықаралық сауда үйі» құрылса, шілдеге дейін Тәжікстанмен құрылмақ. Бұл жүйе елдер арасындағы сауданы дамыту мен өркендетуге мүмкіндік береді,– деді.   Жолдауда қойылған стратегиялық міндеттердің бірі – жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. ҚТЖ осы бағытта, 2023 жылға қарай транзиттік контейнер тасымалының көлемін 7 есе, табысты 5,5 есе, яғни, жылына 4 млрд долларға дейін көбейтуді жоспарлап отыр екен. Жолаушыларды әуе бағытымен тасымалдауды 4 есе яки 1,6 млн жолаушыға дейін арттыру жүзеге аспақ. Одан бөлек, ағымдағы жылы Қазақстан аумағында 2500 контейнерлік пойыз ұйымдастырылады. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін Елбасы Құрық портын салудың екінші кезеңінде автомобиль өткелі құрылысын іске асыруды міндеттеген. Жаһандық нарықтағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін Компания Шығыс Азияның Дубай арқылы Еуропаға дейін  «Seir-Air» логистикалық тізбегіне балама ретінде темір жол және әуе көлігін аралас тасымалдаудың «Rail-Air» жүйесіне жаңа көлік өнімдерін әзірлеуде екен. Сондай-ақ,  бизнес саласын дамытуға кететін шығынды азайту шарасы да назардан тыс қалмақ емес. Ол үшін Ұлттық компания экспорттық тасымалдауда туындайтын уақыт және құн шығынын кемітудің жолдарын нақтыламақ. Сол арқылы елдегі компаниялардың бизнес жүргізу ісі жеңілдетіледі.Соңғы уақытта эскпорттық контейнерлердің Қазақстан аумағы бойынша өтуі бестен екі тәулікке қысқарғандықтан, тасымалдауда кететін шығынның 40 пайызы үнемделуде.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады