Басты бағыт – бес басымдық
Сыр өңірі теміржолшылары ҚР инвестициялар және даму министрлігі, көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанбаев бастаған топпен кездесіп, Елбасының кезекті Жолдауында көрініс тапқан «Үшінші жаңғырудың» негізгі бес басымдығын талқылады.
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов модераторлық еткен шараға сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов, Магистральдық желі дирекциясы бас инженері Қайырбек Орынбаев, «ҚТЖ-ЖТ» бас инженері Марат Шакенов, орталық кәсіподақ өкілі Жұпарбек Сабитов және жергілікті атқарушы билік өкілдері мен аймақтық темір жол саласы басшылары және еңбеккерлері қатысты.
Министрлік өкілі Жолдауда белгіленген мақсаттарды орындауда көлік саласына қатысты атқарылған және атқарылуы тиіс бағдарламаларға шолу жасады.
–Жолдауда еліміздің көлік кешенін дамытуға үлкен назар аударылған. Атап айтқанда, көлік саласының әлеуетін арттыру үшін дамудың бірнеше жобасы қабылданатын болады, оның бір парасы – Халықаралық көліктік логистикамен байланысты. Бүгінгі күні елімізде заманауи «Жібек жолын» дамытудың жаңа бағдары қалыптасып келеді. Азия мен Еуропа арасын көлік құралымен жалғастырудың жаңа жобасы ретінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі салынып, пайдаланылуда. Бұл жолдың 817 шақырымы Қызылорда облысынан өтеді. Сыр өңірінен іргесі қаланған «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» темір жолы да тауар айналымын арттырудың маңызды бөлшегі. Алдағы уақытта көліктік логистиканы дамыту шеңберінде төрт халықаралық көлік дәлізі ашылатын болады,– деді ол.
Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Елбасы Жолдауында көлік саласы еңбеккерлеріне жүктеп отырған міндеттерге тоқталды.
–Жаһандық дамудың жаңа жолында өз орнымызды қалыптастыруға міндеттейтін мемлекеттік бағдарлама Жолдауда айтылған бес басымдық болмақ. Сондықтан, жаңа индустриялар құрумен қатар технологияларды дамытып, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, өнеркәсіп, көлік пен логистиканы дамыту – біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттер,– деді ҚТЖ өкілі.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети