Құрғақ порт мүмкіндіктерімен танысты
«Вьетнам темір жолы» компаниясының өкілдері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен көліктік салада ынтымақтастықты дамытуға дайын. Олар Қорғас көліктік-логистикалық хабі Вьетнам мен Еуропа арасын жалғайтын көпір болатынына сенімді.
Бас директордың орынбасары Фан Куок Анем бастап келген Вьетнам темір жолы делегациясы Темір жол ынтымақтастығы ұйымдарының Алматыдағы отырысына қатысу барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен Алтынкөл станциясының инфрақұрылымы нысандарын аралады.
АЭА пен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС және Алтынкөл станциясы басшылары қонақтарға құрғақ порт пен арнайы экономикалық аймақтың логистикалық және индустриалды аймағы, мониторинг орталығы қызметімен таныстырып, HP компаниясының өнімдерін Еуропаға тасымалдайтын, соның ішінде рефрижераторлық вагондармен жеткізетін контейнерлік пойыздардың жұмысын, сонымен қатар Алтынкөл-Қорғас шекара өткелінің мүмкіндіктерін көрсетті. Меймандарға сонымен бірге АЭА-тағы артықшылықтар мен жеңілдіктер жүйесі туралы жазылған ақпарат ұсынылды. Олар көліктік-логистикалық хаб туралы көп сұраққа жауап алды.
Фан Куок Ань арнайы экономикалық аймақ пен қазақстан-қытай темір жол шекара өткелінің мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Оның ойынша, бұл хабтің Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы міндетін атқаруда болашағы зор.
- Қазақстан темір жол саласын дамытуға баса назар аударып отыр. Аз ғана уақыттың ішінде сіздер Жаңа Жібек жолындағы күрделі инфрақұрылым құрылысы бойынша қойылған міндеттерді орындап тастадыңыздар. Бұл сіздерде өз елдеріңіздің аумағы арқылы өтетін жүк айналымын ұлғайту жөнінен бірлескен операцияларды жүзеге асыруда стратегиялық бағыттарыңыз бар екенін көрсетеді, - деді делегация басшысы.
Фан Куок Ань Оңтүстік-Шығыс Азия Еуропаға жіберетін құрғақ порттық тауарлар транзитін Қытай мен Қазақтан арқылы, нақты осы Қорғас арқылы өткізуге бағыттай алады деп санайды.
- Тек осы Қорғас қана Вьетнам мен Еуроодақ тауарларын біріктіруші көпір бола алады. Біз осы жылы Вьетнамнан алғашқы жүк ағыны Қорғас арқылы Қазақстан мен Орталық Азия және Еуропаға басталады деген сенімдеміз, - деді ВТЖ өкілі.
Қазақстандық делегация өкілдері өз тараптарынан Вьетнам нарығына қызығушылық танытты. Өйткені бұл елдің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамып келеді.
- Бізді Вьетнам нарығы қызықтырады. Негізгі басымдық контейнерлік пойыздарға беріледі. Елбасымыздың да жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес транзит пен контейнерлік тасымалды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Аманжол Ибрагимов.
Ирина Бектиярова,
Алтынкөл станциясы
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года