Құрғақ порт мүмкіндіктерімен танысты

Жаңалықтар
03.03.2017, 18:58
Оқуға 2 мин
«Вьетнам темір жолы» компаниясының өкілдері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен көліктік салада ынтымақтастықты дамытуға дайын. Олар Қорғас көліктік-логистикалық хабі Вьетнам мен Еуропа арасын жалғайтын көпір болатынына сенімді.  Бас директордың орынбасары Фан Куок Анем бастап келген Вьетнам темір жолы делегациясы Темір жол ынтымақтастығы ұйымдарының Алматыдағы отырысына қатысу барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен Алтынкөл станциясының инфрақұрылымы нысандарын аралады. АЭА пен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС және Алтынкөл станциясы басшылары қонақтарға құрғақ порт пен арнайы экономикалық аймақтың логистикалық және индустриалды аймағы, мониторинг орталығы қызметімен таныстырып, HP компаниясының өнімдерін Еуропаға тасымалдайтын, соның ішінде рефрижераторлық вагондармен жеткізетін контейнерлік пойыздардың жұмысын, сонымен қатар Алтынкөл-Қорғас шекара өткелінің мүмкіндіктерін көрсетті.   Меймандарға сонымен бірге АЭА-тағы артықшылықтар мен жеңілдіктер жүйесі туралы жазылған ақпарат ұсынылды. Олар көліктік-логистикалық хаб туралы көп сұраққа жауап алды. Фан Куок Ань арнайы экономикалық аймақ пен қазақстан-қытай темір жол шекара өткелінің мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Оның ойынша, бұл хабтің Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасын байланыстырушы міндетін атқаруда болашағы зор. - Қазақстан темір жол саласын дамытуға баса назар аударып отыр. Аз ғана уақыттың ішінде сіздер Жаңа Жібек жолындағы күрделі инфрақұрылым құрылысы бойынша қойылған міндеттерді орындап тастадыңыздар. Бұл сіздерде өз елдеріңіздің аумағы арқылы өтетін жүк айналымын ұлғайту жөнінен бірлескен операцияларды жүзеге асыруда стратегиялық бағыттарыңыз бар екенін көрсетеді, - деді делегация басшысы. Фан Куок Ань Оңтүстік-Шығыс Азия Еуропаға жіберетін құрғақ порттық тауарлар транзитін Қытай мен Қазақтан арқылы, нақты осы Қорғас арқылы өткізуге бағыттай алады деп санайды. - Тек осы Қорғас қана Вьетнам мен Еуроодақ тауарларын біріктіруші көпір бола алады. Біз осы жылы Вьетнамнан алғашқы жүк ағыны Қорғас арқылы Қазақстан мен Орталық Азия және Еуропаға басталады деген сенімдеміз, - деді ВТЖ өкілі. Қазақстандық делегация өкілдері өз тараптарынан Вьетнам нарығына қызығушылық танытты. Өйткені бұл елдің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамып келеді. - Бізді Вьетнам нарығы қызықтырады. Негізгі басымдық контейнерлік пойыздарға беріледі. Елбасымыздың да жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес транзит пен контейнерлік тасымалды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Аманжол Ибрагимов.

Ирина Бектиярова,

Алтынкөл станциясы

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды