Өндірістік кеңес құру бақылауды күшейтеді
2016 жылғы жаңа Еңбек кодексіне сәйкес әр мекемеде жұмыс беруші немесе жұмыскерлер тарапынан бастама көтерілген жағдайда қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес құру міндетті. Сол арқылы осы бағытта ішкі бақылауды күшейту мүмкіндігі зор.
Алайда, қазірде мұндай кеңестердің жұмысы жандандыруды қажет етеді. Соның ішінде қозғалыспен бірге жұмысшылар қауіпсіздігі бірінші орында тұратын темір жолда өндірістік кеңес жұмысы толық түсіндірілуі керек. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы мен «Қазпрофтранс» ҚБ ұйымдастыруымен аталған бағытта семинар өткізілді.
Ұлттық компания кітапханасында өткен шараға кәсіподақшылар мен магистральдық желі саласының өндірістік-техникалық қызметкерлері қатысып, оларға өндірістік кеңесті құру тиімділігі, оның жұмыс істеу механизмдері түсіндірілді. Бұл жұмыс беруші және жұмысшының еңбек қорғау талаптары мен өндірістік жарақат алу, кәсіптік сырқатқа шалдығудың алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекеттерді, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек қорғау жағдайын тексеруін жүргізетін ұйым.
–Кәсіподақтың ең басты мақсаты – жұмысшылар мүддесін қорғау, олардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселелерді алға шығару болғандықтан өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу шараларына баса көңіл бөлінеді. Аталған өндірістік кеңес сол міндеттерді қамти алады, – деді «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев.
Әлемде бүгінде кәсіби қызметке байланысты адам өлімі көрсеткіші ғаламдық эпидемия, өкпе ауруы және малярия сынды аурудан болатын өлім санымен бірдей болып отыр. Жыл сайын жер бетінде өндірістік жарақаттан 300 мыңнан астам адам көз жұмады екен.
Семинарда Магистральдық желі дирекциясының техникалық мәселелер бойынша атқарушы директоры Талғат Ибраимбаев тақырыпқа сай дирекциядағы ахуал туралы баяндады. Бүгінде дирекция қарамағында 135 филиал бар, олардың ішінде жол және жабдықтар, белгі беру, байланыс және ақпараттық технологиялар, электрмен жабдықтау, вокзал шаруашылығы, қалпына келтіру, өрт сөндіру бойынша өндірістік департаменттер қамтылады. Солардың барлығында 45 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Семинарда ол дирекция жұмысшылардың еңбек жағдайына баса көңіл бөлетінін жеткізді.
Ал «Қазпрофтранс» ҚБ еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқановтың баяндамасында былтыр өндірісте болған қайғылы оқиғалар саны 25 факті болып, ол 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 6 жағдайға азайғаны айтылды.
–Компанияның 341 филиалы мен еншілес кәсіпорындарында 225 өндірістік кеңес құрылып, соның барысында еңбек қорғау бойынша инспекторлар саны 2106 адамды құрады. Сол кеңестер былтыр 463 рет отырыс өткізіп, онда 331 мәселе қаралған. Өткен жылы инспекторлар тарапынан қауіпсіздік және еңбек қорғау жөнінен 18066 ескерту берілген. Алайда, біз әлі де осындай өндірістік кеңестердің жұмысы төмен екенін айтуымыз керек. Мұндай кеңестерді құруда Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші де жұмысшылар атынан шығатын өкілдер бірдей жауапкершілік арқалайды. Өндірістік кеңестер жұмысын жандандыру арқылы компанияда өндірістік жарақаттанушылық фактілерін айтарлықтай азайтуға болатынына сенімдімін,– дейді Қ. Мұқанов.
Жиналғандарға аталған кеңестің не үшін қажет екенін арнайы слайдтар арқылы түсіндірген ҚР Кәсіподағы Федерациясының бас маманы Гүлнар Орақбаеваның айтуынша, кәсіпорындардағы өндірістік кеңестердің негізгі үш мақсаты бар.
–Атап айтқанда, бірінші ол өндірістік жарақат алушылыққа, екіншіден өндірістік аурулардың пайда болуына жол бермеу мақсатына қоса, үшінші мақсат – тексеру жүргізу, яғни, қауіпсіздіктің сақталуын қадағалау, –дейді бас маман.
Семинар барысында компания филиалдарынан қатысқан инспекторлар өндірістік кеңес құрамы қанша адамнан құралуы тиіс, кеңес жұмысына тартылатын мамандардың қызметі, еңбекақысы қалай бағаланады, өте жақсы жұмыс көрсеткішіне қол жеткізген техникалық инспекторлар еңбегі қандай үлгіде және кіммен бағаланады, инспекторлар қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша кемшіліктерді анықтап, оны жою бойынша нұсқау бере алады ма, кеңес жұмысымен тексеру жүргізген кезде техникалық инспектор негізгі жұмысынан босатыла ма және оның жұмыста жоқтығы туралы есепке алу журналында қандай жазба қалдырылады т.т. сауалдарын қойды.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»