Өндірістік кеңес құру бақылауды күшейтеді

Жаңалықтар
03.03.2017, 19:22
2016 жылғы жаңа Еңбек кодексіне сәйкес әр мекемеде жұмыс беруші немесе жұмыскерлер тарапынан бастама көтерілген жағдайда қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша өндірістік кеңес құру міндетті. Сол арқылы осы бағытта ішкі бақылауды күшейту мүмкіндігі зор. Алайда, қазірде мұндай кеңестердің жұмысы жандандыруды қажет етеді. Соның ішінде қозғалыспен бірге жұмысшылар қауіпсіздігі бірінші орында тұратын темір жолда өндірістік кеңес жұмысы толық түсіндірілуі керек. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –  Магистральдық желі дирекциясы мен «Қазпрофтранс» ҚБ  ұйымдастыруымен аталған бағытта семинар өткізілді. Ұлттық компания кітапханасында өткен шараға кәсіподақшылар мен магистральдық желі саласының өндірістік-техникалық қызметкерлері қатысып, оларға өндірістік кеңесті құру тиімділігі, оның жұмыс істеу механизмдері түсіндірілді. Бұл жұмыс беруші және жұмысшының еңбек қорғау талаптары мен өндірістік жарақат алу, кәсіптік сырқатқа шалдығудың  алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекеттерді, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек қорғау жағдайын тексеруін жүргізетін ұйым. –Кәсіподақтың ең басты мақсаты – жұмысшылар мүддесін қорғау, олардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселелерді алға шығару болғандықтан өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу шараларына баса көңіл бөлінеді. Аталған өндірістік кеңес сол міндеттерді қамти алады, – деді «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев. Әлемде бүгінде кәсіби қызметке байланысты адам өлімі көрсеткіші ғаламдық эпидемия,  өкпе ауруы және малярия сынды аурудан болатын өлім санымен бірдей болып отыр. Жыл сайын жер бетінде өндірістік жарақаттан 300 мыңнан астам адам көз жұмады екен. Семинарда Магистральдық желі дирекциясының техникалық мәселелер бойынша атқарушы директоры Талғат Ибраимбаев тақырыпқа сай дирекциядағы ахуал туралы баяндады. Бүгінде дирекция қарамағында 135 филиал бар, олардың ішінде жол және жабдықтар, белгі беру, байланыс және ақпараттық технологиялар, электрмен жабдықтау, вокзал шаруашылығы, қалпына келтіру, өрт сөндіру бойынша өндірістік департаменттер қамтылады. Солардың барлығында 45 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Семинарда ол дирекция жұмысшылардың еңбек жағдайына баса көңіл бөлетінін жеткізді. Ал «Қазпрофтранс» ҚБ еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқановтың баяндамасында былтыр өндірісте болған қайғылы оқиғалар саны 25 факті болып, ол 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 6 жағдайға азайғаны айтылды. –Компанияның 341 филиалы мен еншілес кәсіпорындарында 225 өндірістік кеңес құрылып, соның барысында еңбек қорғау бойынша инспекторлар саны 2106 адамды құрады. Сол кеңестер былтыр 463 рет отырыс өткізіп, онда 331 мәселе қаралған. Өткен жылы инспекторлар тарапынан қауіпсіздік және еңбек қорғау жөнінен 18066 ескерту берілген. Алайда, біз әлі де осындай өндірістік кеңестердің жұмысы төмен екенін айтуымыз керек. Мұндай кеңестерді құруда Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші де жұмысшылар атынан шығатын өкілдер бірдей жауапкершілік арқалайды. Өндірістік кеңестер жұмысын жандандыру арқылы компанияда өндірістік жарақаттанушылық фактілерін айтарлықтай азайтуға болатынына сенімдімін,– дейді Қ. Мұқанов. Жиналғандарға аталған кеңестің не үшін қажет екенін арнайы слайдтар арқылы түсіндірген ҚР Кәсіподағы Федерациясының бас маманы Гүлнар Орақбаеваның айтуынша, кәсіпорындардағы өндірістік  кеңестердің негізгі үш мақсаты бар. –Атап айтқанда, бірінші ол өндірістік жарақат алушылыққа, екіншіден өндірістік аурулардың пайда болуына жол бермеу мақсатына қоса, үшінші мақсат – тексеру жүргізу, яғни, қауіпсіздіктің сақталуын қадағалау, –дейді бас маман. Семинар барысында компания филиалдарынан қатысқан инспекторлар өндірістік кеңес құрамы қанша адамнан құралуы тиіс, кеңес жұмысына тартылатын мамандардың қызметі, еңбекақысы қалай бағаланады, өте жақсы жұмыс көрсеткішіне қол жеткізген техникалық  инспекторлар еңбегі қандай үлгіде және кіммен бағаланады, инспекторлар қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша кемшіліктерді анықтап, оны жою бойынша нұсқау бере алады ма, кеңес жұмысымен тексеру жүргізген кезде техникалық инспектор негізгі жұмысынан босатыла ма және оның жұмыста жоқтығы туралы есепке алу журналында қандай жазба қалдырылады т.т. сауалдарын қойды.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді