Он алты қыз
Батысқа ашылған қақпа сынды Қызылорда станциясына аялдайтын пойыздардың ішкі қатынастан бөлек, шет елдерге қатынайтыны да жетерлік. Жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы болса Сыр елінен Елордаға қатынайды.
Міне, осынау ауқымды жолаушы халық нөпіріне қызмет көрсететін Қызылорда вокзалы сапалы сервисімен ғана емес, гүлдей жайнаған қыз-келіншектерімен де танымал десек артық айтқанымыз емес. Бір тәулікте мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетуге негізделген Қызылорда теміржол вокзалының іші, әсіресе билет кассасының маңы, терминалдар қашан да ығы-жығы адамнан бір босаған емес. Бірі билет алса, екіншісі өткізіп, үшіншісі интернет арқылы тапсырыс берген жол жүру құжатын немесе қол жүгін рәсімдеп жатқан жолаушы халықтың келесі бір бөлігі вокзал ішіндегі түрлі сервистік қызметтерді пайдаланып, қажетін түгендеуде.
Бір ауысымда 6 адамдық құраммен 21 пар жолаушы пойыздарына жол жүру құжаттарын рәсімдейтін Қызылорда билет кассасындағы қыз-келіншектерден бөлек, вокзал кезекшісі, анықтама бөлімі, күту залы, ана мен бала бөлмесі, т.т. қызмет көрсету нүктелері бар. «Жолаушылар тасымалы» АҚ батыс аймақтық учаскесі Қызылорда филиалының «Үздік маманы» Балым Ахметова басшылық жасайтын ұжымның кілең нәзік жандылардан құралуы оларға халық арасында «Он алты қыз» деген атау әпергелі қашан.
Түнгі ауысым мен күндізгі ауысымда бірдей әсем формаларын киіп, жып-жинақы қызмет орындарында отыратын қыздар қашан да жайдары, жылы жүзбен қарсы алып, қызмет көрсетеді, сәт-сапар тілеп шығарып салады. Сенбесеңіз, Қызылорда вокзалына ат басын арнайы бұрыңыз. Бүгін де міне, көктемнің алғашқы күні күндегіден де құлпырып киініп, опа-далаптарын да мерекеге сай қалыңдап жағып келген қыз-келіншектер жолаушыларына жарқылдай күліп, қызмет көрсетіп жатыр екен. Кезекті инструктаждан кейін бір-бірінің құжаттарын ауысым аралық тапсырудан кейін жұмыс орындарын тапсырып болып, суретке түсуге келісті. Бұл ауысымда 3 билет кассирлері, 1 жинақтаушы, 1 аға билет кассирі және 1 меңгеруші, барлығы 6 жан екен. Олар: Гүлнар Сұлтанова, Жанна Дәненова, Сәрсенкүл Мәмбетәлиева, Жанайым Нарбаева, Ақсалы Толыбаева, Айсұлу Әбдірешова, Гауһар Демеуова, Ырысты Мешітбаева және Балым Ахметовалар.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака