Он алты қыз

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:27
Оқуға 2 мин
Батысқа ашылған қақпа сынды Қызылорда станциясына аялдайтын  пойыздардың ішкі қатынастан бөлек, шет елдерге қатынайтыны да жетерлік. Жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы болса Сыр елінен Елордаға  қатынайды. Міне, осынау ауқымды жолаушы халық нөпіріне  қызмет көрсететін Қызылорда вокзалы сапалы сервисімен ғана емес, гүлдей жайнаған қыз-келіншектерімен де танымал десек артық айтқанымыз емес. Бір тәулікте мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетуге негізделген Қызылорда теміржол вокзалының іші, әсіресе билет кассасының маңы, терминалдар қашан да ығы-жығы адамнан бір босаған емес. Бірі билет алса, екіншісі өткізіп, үшіншісі интернет арқылы тапсырыс берген жол жүру құжатын немесе қол жүгін рәсімдеп жатқан жолаушы халықтың келесі бір бөлігі вокзал ішіндегі түрлі сервистік  қызметтерді пайдаланып, қажетін түгендеуде. Бір ауысымда 6 адамдық құраммен 21 пар жолаушы пойыздарына жол жүру құжаттарын рәсімдейтін Қызылорда билет кассасындағы қыз-келіншектерден бөлек, вокзал кезекшісі, анықтама бөлімі, күту залы, ана мен бала бөлмесі, т.т. қызмет көрсету нүктелері бар. «Жолаушылар тасымалы» АҚ батыс аймақтық учаскесі Қызылорда филиалының «Үздік маманы» Балым Ахметова басшылық жасайтын ұжымның кілең нәзік жандылардан құралуы оларға халық арасында «Он алты қыз» деген атау әпергелі қашан.  Түнгі ауысым мен күндізгі ауысымда бірдей  әсем формаларын киіп, жып-жинақы қызмет орындарында отыратын қыздар қашан да жайдары, жылы жүзбен қарсы алып, қызмет көрсетеді, сәт-сапар тілеп шығарып салады. Сенбесеңіз, Қызылорда вокзалына ат басын арнайы бұрыңыз. Бүгін де міне, көктемнің алғашқы күні күндегіден де құлпырып киініп, опа-далаптарын да мерекеге сай қалыңдап жағып келген қыз-келіншектер жолаушыларына жарқылдай күліп, қызмет көрсетіп жатыр екен. Кезекті инструктаждан кейін бір-бірінің құжаттарын ауысым аралық тапсырудан кейін жұмыс орындарын тапсырып болып, суретке түсуге келісті. Бұл ауысымда 3 билет кассирлері, 1 жинақтаушы, 1 аға билет кассирі және 1 меңгеруші, барлығы 6 жан екен. Олар: Гүлнар Сұлтанова, Жанна Дәненова, Сәрсенкүл Мәмбетәлиева, Жанайым Нарбаева, Ақсалы Толыбаева, Айсұлу Әбдірешова, Гауһар Демеуова, Ырысты Мешітбаева және Балым Ахметовалар.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды