Қыздар қызыққа кенелтті

Новости
10.03.2017, 15:20
Семей жүк тасымалдау бөлімшесінде бастауыш кәсіподақ ұйымының мұрындық болуымен Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «Ал, қанекей, қыздар!» сайысы өтті. Аталмыш шараға жиналған нәзік жанды теміржолшыларды келе жатқан атаулы мерекелерімен құттықтаған «Семей – Жүк тасымалы» бөлімшесі директорының орынбасары Ерғазы Жұмаділов пен магистральді желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Кемелханов жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі. Салалық  кәсіподақ ұйымының орталық кеңесінің Семей жол бөлімшесіндегі өкілі Алик Досанов та болат жолдың бойында ерлермен иық түйістіріп еселі еңбек етіп жүрген аруларға жүрек жарды тілегін жеткізді. Сайысқа НЖС-тың «Торнадо», Жаңасемей станциясының «Мынауский қыздар», НОД-тың «Великолепная пятерка», Семей станциясының «Аврора», электрмен жабдықтау дистанциясының «Молния», вокзал шаруашылығының «Тұлпар», Транстелекомның «Связист», белгі беру-байланыс дистанциясының  «Суперпчелки»  атты топтары қатысып, берілген 9 шарт бойынша тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушыларды жарыстың шарттарымен таныстырып, дайындықты пысықтаған бөлімшенің спорттық нұсқаушысы Наталья Мешкова төрешіге жарысты жалғастыруға пәрмен берді. Алғашқы топты таныстырудан «Великолепная пятерка» қыздары өздерінің  алғырлығымен көзге түсті. Екінші шартта «Бой жазу» шаршыны жүгіріп тасуда «Мынауский қыздар» тобы өздерінің мықтылықтарын танытты. «Ептілік» шарды ракетканың үстіне қойып, кедергілер арасынан өтіп межеге жетуде алдарына жан салмаған қыздар  да көрермендер қошеметіне бөленді. Сурет салу сияқты шығармашылыққа арналған шарттарды да қатысушылар асқан қызығушылықпен орындады. Бірнеше сағатқа созылған сайыс қорытындысы да шығарылып,  жүлделі 1 орынға шарттарды шапшаң, қатесіз және ептілікпен орындап 82 ұпай жинаған Жаңасемей станциясының «Мынауский қыздар» командасы лайық деп танылса, 2  орынға 77-балмен бөлімшенің «Великолепная пятерка» командасы, ал 3 орынға 76 ұпайды еншілеген Семей станциясының «Аврора» командасы ие болды. Жарыс жеңімпаздары және барлық қатысушылар бөлімше басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ерлан Ғазез, Семей

Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна