Бір әулеттің анасы 

Новости
18.03.2017, 14:37
Жамбыл теміржолында  бір әулеттен үш бірдей «Құрметті теміржолшы» шыққан Жаңабаевтар әулетінің орны ерекше. Сол үшеудің бірі – отыз жыл шойын жолда еңбек еткен  «Алтын алқалы» әулет анасы Бүбісара Жаңабаева. Бүбісара апа сонау бір жылдары жүк құрамын апаттан құтқарғаны үшін "Құрметті теміржолшы" атағына ие болған екен. Өмірден ерте озған отағасы Ергеш Жаңабаев та Құрметті теміржолшы болды. Бүгінде ақ жаулықты, алтын құрсақты ана он ұл-қыздан 25 немере, 25 шөбере сүйіп отыр. Сексенге аяқ басқан қарияның құрсағынан тараған ұл-қыздардың барлығы бүгінде темір жол саласында абыройлы еңбек етуде. Жуырда "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев пен қала әкімі Рүстем Дәулет  Бүбісара апаның шаңырағына арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады. Қарт анаға облыс әкімінің алғысын жеткізіп, плазмалық теледидар сыйлады. Өсіп-өнген шаңырақ отанасының ғибратты әңгімесін тыңдады. – «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген тілегіміз қабыл болғаны осы шығар.  Жас кезде шойын жолда еңбек еттім. Күркіресу станциясында вагонның дөңгелегі қызып, өзінің майы отқа оранып бара жатқанын хабарлап,  машинистің  дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алуы арқасында  25 жүк вагоны  аман қалды.  Сол жылы мен "Құрметті теміржолшы" атағына ие болдым. Шалым да құлап бара жатқан пойызды дер кезінде тоқтатып, «Құрметті теміржолшы» атанған. Бір өкініштісі, ертерек өмірден өтіп кетті. Мен міне, немере-шөберелерімнің қызығына тоймай, еліміздің амандығын, ұрпақтың саулығын тілеп отырған жайым бар. Елбасыға да, ел тізгінін ұстаған азаматтарға да алғысым шексіз. Жұмыстарыңның жемісін көріңдер, – деп алғысын айтып, батасын берді  "Алтын алқалы" ана. Бүгінде Бүбісара ананың ұл-қыздарының барлығы теміржолдың әр саласында  еңбек етуде. Қолында тұрып жатқан ұлы машинист. Қолы боста құрақ құрап, киіз басып, ши тоқуды ерек ететін  Бүбісара ана әлі де тың да қуатты.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна