Күн де жылынды, тапсырыс та артты...
Новости
11.04.2017, 15:56
Күн жылынып, көктемнің келуімен Қызылсайда жұмыс күрт қызып сала берді. Қаңтарда 747, ақпанда 812, наурызда 1090 вагонға жүк тиелген. Күн жылынғалы құрылысы ұайта жанданған «Стандарт Цемент» зауытына тапсырыс көп түсуде.
Станцияда жүк тиеудің күрт артуын бекеттегілер осындай себептермен түсіндіреді. Ақпанда 45163 тонна жүк тиеліп, 2477 вагоннан 164869 тонна жүк түсірілген. Цементтен кейін «Tassay» минералды суына тапсырыс көп болыпты. Наурыздың өзінде су мен цементке, қиыршық тас, «Рахат» сауда үйінің тәттілері сынды заттарды қосқанда тиелген жүк 60550 тоннаға жеткен. Келетін жүк те аз емес. Кешегі бір айда 177411 тоннаның заты келіп, 2706 вагон түсірілген. Оның ішінде 150 вагон «Азамат-Мұнай» ЖШС-не тиесілі көмір болса, 1839 вагон цементке қажетті қиыршық тас. Станциядағы екі маневрлік тепловоз күн сайын 26 кірме жолға келетін жүк вагондарын иелеріне жөнелтумен болады. Жүк тиеп-түсіретін кәсіпорын экспедиторлары оншақты жылдан бері теміржолшылармен жұмыс істейтіндіктен, арада түсініспеушілік орын алмайды. Дегенмен, станциялықтар олармен жиі кездесіп, әр жүкті тиеп-түсіргенде жұмысшылары жұмыстарын шалағайлыққа жол бермей, таза істеулерін талап етеді.
– Жүк қабылдап-жөнелтушілердің жұмысын қиындатып жіберген әр вагонның құжаты, жазуы көп. Бір ауысымға екі маман түсетіндіктен, үлгереміз. Әр вагоннан қандай жүк келгенін жекелей компьютерге енгіземіз. Кететін жүктің вагондарға қалай тиеліп жатқанын, пломбаларының жақсы жабылғанын бақылап, күзетшілерге тапсырамыз. «Стандарт Цементтің» кірме жолына Меңлібайдан 54 вагон қиыршық тас келгенмен, маневр тепловозы бір апарғанда оның тек 980 тонналық салмағы бар 11 вагонын ғана тарта алады. Қалған 43 вагонды бір тәулікте үш рет қатынап алып кеткенше оларға акт толтырылады. Тек, кеткендері ғана актіден сызылады. Екінші маневр тепловозы су тиейді, рахаттың тәттілері, сыра бар дегендей. Осылай екі маневр алты жолда тәулік бойына тыным таппай жұмыс істейді. Сосын кедендік жүктерге де жеке акт толтырылады. Сыра зауыты бекеттен алыстау жатқандықтан, бір күнде маневр машинистері оларға жүк апарып, зауыттың жүгін әкеліп үлгере алмауы мүмкін. Оның арасында келген вагондарды бөліп алып, жалғап басқа да шаруаларды атқарады. Сондықтан, кейде маневрлік тепловоз екеу болса да үлгере алмайды. Пойыз келген соң өңделуіне 1 сағат кететіндіктен, тапсырыс берушілерге ескертеміз. Станцияда тұрып кешке дейін иесіне тапсырылатын вагондардың актісін жазып, кеткенін кеткендей актіден өшіріп тұру қолды ұстайтыны рас. Вагондардың құжатын реттегенінің өзіне ведмость жабылып, жөнелту кітапшасына бір жазылса, пломбасының қалай бекітілгені тағы жазылады, - дейді Қызылсайда 14 жылдан бері аға жүк қабылдап-жөнелтуші болып еңбек ететін Әшіргүл Кәрібайқызы.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Қызылсай
Новости
13.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Новости
12.09.2026
Пожарный поезд КТЖ привлекли для тушения степного пожара в СКО
Новости
11.09.2026
Заседание Совета ветеранов прошло в КТЖ
Новости
11.09.2026
Железнодорожники охватили акцией «Безопасный переезд» 127 переездов
Регионы
11.09.2026
Погрузка превысила 6,7 млн тонн за восемь месяцев в Акмолинском регионе
Регионы
11.09.2026
Условную аварию с утечкой серной кислоты ликвидировали на станции Караганда-Сортировочная
Регионы
11.09.2026
Железнодорожники провели профилактическую беседу со студентами Алматинского колледжа академии логистики и транспорта
Новости
11.09.2026
Мангистауское эксплуатационное вагонное депо признано «Үздік вагон депосы»
Новости
11.09.2026
Около 300 компаний примут участие в TransLogistica Kazakhstan 2026
Новости / Архив
11.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №72 от 11 сентября 2026 года
Новости
10.09.2026
КТЖ готовит железнодорожную инфраструктуру к работе в зимних условиях
Регионы
10.09.2026
Около 260 детей перевезены к местам летнего отдыха из Павлодарской области
КТЖ в лицах
10.09.2026
Более 350 лет верности: история железнодорожной династии Беркеновых
10.09.2026
КТЖ изменит тариф на передачу электрической энергии
Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе
Новости
09.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Регионы
09.09.2026
Профилактическую акцию «Безопасный переезд» провели в Караганде
Новости
09.09.2026
Объем перевозок по ТМТМ за 8 месяцев вырос на 22%
Инфраструктура
09.09.2026
Пост горочной автоматической централизации строят на станции Алтынколь