Күн де жылынды, тапсырыс та артты... 

Жаңалықтар
11.04.2017, 15:56
Күн жылынып, көктемнің келуімен Қызылсайда жұмыс күрт қызып сала берді. Қаңтарда 747, ақпанда 812, наурызда 1090 вагонға жүк тиелген. Күн жылынғалы құрылысы ұайта жанданған «Стандарт Цемент» зауытына тапсырыс көп түсуде. Станцияда жүк тиеудің күрт артуын бекеттегілер осындай себептермен түсіндіреді.  Ақпанда  45163 тонна жүк тиеліп, 2477 вагоннан 164869 тонна жүк түсірілген. Цементтен кейін «Tassay» минералды суына тапсырыс көп болыпты. Наурыздың өзінде су мен цементке, қиыршық тас, «Рахат» сауда үйінің  тәттілері сынды заттарды қосқанда тиелген жүк 60550 тоннаға жеткен. Келетін жүк те аз емес. Кешегі бір айда 177411 тоннаның заты келіп, 2706 вагон түсірілген. Оның ішінде 150 вагон «Азамат-Мұнай» ЖШС-не тиесілі көмір болса, 1839 вагон цементке қажетті қиыршық тас. Станциядағы екі маневрлік тепловоз күн сайын 26 кірме жолға келетін жүк вагондарын иелеріне  жөнелтумен болады. Жүк тиеп-түсіретін кәсіпорын экспедиторлары оншақты жылдан бері теміржолшылармен жұмыс істейтіндіктен, арада түсініспеушілік орын алмайды. Дегенмен, станциялықтар олармен жиі кездесіп,  әр жүкті тиеп-түсіргенде жұмысшылары жұмыстарын шалағайлыққа жол бермей, таза істеулерін талап етеді. – Жүк қабылдап-жөнелтушілердің жұмысын қиындатып жіберген әр вагонның құжаты, жазуы көп. Бір ауысымға екі маман түсетіндіктен, үлгереміз. Әр вагоннан қандай жүк келгенін  жекелей компьютерге енгіземіз. Кететін жүктің вагондарға қалай тиеліп жатқанын, пломбаларының жақсы жабылғанын бақылап, күзетшілерге тапсырамыз. «Стандарт Цементтің» кірме жолына Меңлібайдан 54 вагон қиыршық тас келгенмен, маневр тепловозы бір апарғанда оның тек 980 тонналық салмағы бар 11 вагонын ғана тарта алады. Қалған 43 вагонды бір тәулікте үш рет қатынап алып кеткенше оларға акт толтырылады. Тек, кеткендері ғана актіден сызылады. Екінші маневр тепловозы су тиейді, рахаттың тәттілері, сыра бар дегендей. Осылай екі маневр алты жолда тәулік бойына тыным таппай жұмыс істейді. Сосын кедендік жүктерге де жеке акт толтырылады. Сыра зауыты бекеттен алыстау жатқандықтан, бір күнде маневр машинистері оларға жүк апарып, зауыттың жүгін әкеліп үлгере алмауы мүмкін. Оның арасында келген вагондарды бөліп алып, жалғап басқа да шаруаларды атқарады. Сондықтан, кейде маневрлік тепловоз  екеу болса да үлгере алмайды. Пойыз келген соң өңделуіне 1 сағат кететіндіктен, тапсырыс берушілерге ескертеміз. Станцияда тұрып кешке дейін иесіне тапсырылатын вагондардың актісін жазып, кеткенін кеткендей актіден өшіріп тұру қолды ұстайтыны рас.  Вагондардың құжатын реттегенінің өзіне ведмость жабылып, жөнелту кітапшасына бір жазылса, пломбасының қалай бекітілгені тағы  жазылады, - дейді Қызылсайда 14 жылдан бері аға жүк қабылдап-жөнелтуші болып еңбек ететін Әшіргүл Кәрібайқызы.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Қызылсай

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі