Техникалық  тиімділік  негізі

Новости
11.04.2017, 16:00
2 мин чтения
Семей белгі беру және байланыс дистанциясы соңғы жылдары заманауи  құрылғылармен жабдықталып, желі бойында қызмет көрсетуде жаңа жетістіктерге қол жеткізуде. Ілкімді шаралардың бір дені биылғы жылы  жүзеге асырылмақ.  Қазіргі таңда білікті басшы Бейбіт Түменғали жетекшілік ететін ШЧ – 29 мекемесі бөлімшеге қарасты 371,4 шақырымдық жол теліміне қызмет көрсетуде. Оның ішінде «Нева» орталықтандырылған диспетчерлік жүйесі мен «Диалог» жүйесінің маңыздылығы аса жоғары. Мұнымен қатар, бүгінгі күндері электрлік орталықтандыру құрылғысымен көптеген шағын станциялар толық көлемде жарақтандырылған. Дистанция мұнымен қоса байланыстың магистральдық әуе желісімен қамтамасыз етуде. Аталмыш мекеме үшін желі бойындағы жұмыс сапасын арттыруда тиімділік әкелген жаңашылдық көп. Мәселен, КТСМ-2 құрылғысының бірліктері жұмыс барысында қолданылуда. Сәйкесінше, радиобайланыстық қызмет те талапқа сай. -Бүгінде техникалық жарақтардың күтімі жоғары. Пайдалану ережелері мен тәртіп қатаң сақталады. Алайда, қазіргі таңда мұның барлығы жеткіліксіз болып отыр. Себебі, телімдегі Түрксібпен шамалас базбір құрылымдардың ескіргені байқалуда. Сондықтан да, жаңашылдық тек жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша ғана емес, жүйелік негізде де қажет, - дейді ШЧ-29 мекемесінің техникалық құжаттар тобының жетекші инженері, майталман маман Берікқан Қозыбақов. Міне, осы бағытта биылдан бастап бірқатар шаралар қолға алыныпты. Атап айтсақ, үш бағытқа қызмет көрсететін, қаланың Жаңасемей аумағында орын тепкен «А посты» айрығының сұлбалық негіздемесі әзірлену үстінде. Себебі, 1947 жылы қолданысқа берілген байырғы құрылғылар ескірген. Оның үстіне, ол жылдарда аталмыш телім негізгі жол болмаған-ды. Ал қазіргі күнде елдің күнгейі мен теріскейін жалғайтын іргелі магистральға айналған. Сол себепті, бүгінгі талапқа толық сай етілмек. Яғни, түбегейлі жаңа сұлба әзірленіп, қолданыстағы типтік жобалық нұсқамаға сәйкес келтірілмек. Осының аясында, Жаңасемей мен Дегелеңді жалғайтын аталмыш нысанның қосалқы бөлшектері жаңартылатын болады. Осылайша, байырғы НР релесін толықтай ауыстыру көзделуде. Айта кетерлігі, дистанция бойынша бұл тұңғыш рет қолға алынған іргелі шара болып отыр. Егер сұлба негіздемесі лабораториялық-сараптамалық тексеруден өтіп, мақұлданар болса, осы жазда қолданыс барысына енгізілетін болады. Аумақтың жаңа сұлбасының берер тиімділігі сол, байланыс қызметінің қарқынын төмендетпеумен бірге, техникалық қауіпсіздік шараларын жүргізу ісін де тұрақтандырады. Сонымен қатар, оның аясында СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар да ширатыла түседі екен.

Қуаныш Қожаев, Семей

Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети