Техникалық тиімділік негізі
Семей белгі беру және байланыс дистанциясы соңғы жылдары заманауи құрылғылармен жабдықталып, желі бойында қызмет көрсетуде жаңа жетістіктерге қол жеткізуде. Ілкімді шаралардың бір дені биылғы жылы жүзеге асырылмақ.
Қазіргі таңда білікті басшы Бейбіт Түменғали жетекшілік ететін ШЧ – 29 мекемесі бөлімшеге қарасты 371,4 шақырымдық жол теліміне қызмет көрсетуде. Оның ішінде «Нева» орталықтандырылған диспетчерлік жүйесі мен «Диалог» жүйесінің маңыздылығы аса жоғары. Мұнымен қатар, бүгінгі күндері электрлік орталықтандыру құрылғысымен көптеген шағын станциялар толық көлемде жарақтандырылған.
Дистанция мұнымен қоса байланыстың магистральдық әуе желісімен қамтамасыз етуде. Аталмыш мекеме үшін желі бойындағы жұмыс сапасын арттыруда тиімділік әкелген жаңашылдық көп. Мәселен, КТСМ-2 құрылғысының бірліктері жұмыс барысында қолданылуда. Сәйкесінше, радиобайланыстық қызмет те талапқа сай.
-Бүгінде техникалық жарақтардың күтімі жоғары. Пайдалану ережелері мен тәртіп қатаң сақталады. Алайда, қазіргі таңда мұның барлығы жеткіліксіз болып отыр. Себебі, телімдегі Түрксібпен шамалас базбір құрылымдардың ескіргені байқалуда. Сондықтан да, жаңашылдық тек жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша ғана емес, жүйелік негізде де қажет, - дейді ШЧ-29 мекемесінің техникалық құжаттар тобының жетекші инженері, майталман маман Берікқан Қозыбақов.
Міне, осы бағытта биылдан бастап бірқатар шаралар қолға алыныпты. Атап айтсақ, үш бағытқа қызмет көрсететін, қаланың Жаңасемей аумағында орын тепкен «А посты» айрығының сұлбалық негіздемесі әзірлену үстінде. Себебі, 1947 жылы қолданысқа берілген байырғы құрылғылар ескірген. Оның үстіне, ол жылдарда аталмыш телім негізгі жол болмаған-ды. Ал қазіргі күнде елдің күнгейі мен теріскейін жалғайтын іргелі магистральға айналған. Сол себепті, бүгінгі талапқа толық сай етілмек. Яғни, түбегейлі жаңа сұлба әзірленіп, қолданыстағы типтік жобалық нұсқамаға сәйкес келтірілмек. Осының аясында, Жаңасемей мен Дегелеңді жалғайтын аталмыш нысанның қосалқы бөлшектері жаңартылатын болады. Осылайша, байырғы НР релесін толықтай ауыстыру көзделуде.
Айта кетерлігі, дистанция бойынша бұл тұңғыш рет қолға алынған іргелі шара болып отыр. Егер сұлба негіздемесі лабораториялық-сараптамалық тексеруден өтіп, мақұлданар болса, осы жазда қолданыс барысына енгізілетін болады.
Аумақтың жаңа сұлбасының берер тиімділігі сол, байланыс қызметінің қарқынын төмендетпеумен бірге, техникалық қауіпсіздік шараларын жүргізу ісін де тұрақтандырады. Сонымен қатар, оның аясында СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, жөндеу, сынау және ауыстыру жөніндегі жоспарлық жұмыстар да ширатыла түседі екен.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды