Жол қызметінде – жарты ғасыр

Новости
11.04.2017, 16:12
Елімізде бүкіл саналы ғұмырларын теміржол саласына арнап, осы мамандықты ұрпағына мирас етіп қалдырып жатқан теміржолшылар әулеті аз емес. Солардың бірі – Сатликовтар әулеті. Бүгінде саналы ғұмырын жол шаруашылығына арнаған Рашид Сатликов сол әулеттің жарқын бір өкілі. Рашид Закирович 1952 жылы бұрынғы Ақмола маңындағы екі разъездің ортасында орналасқан «Казарма» деген жерде дүниеге келген екен. Еңбек жолын мектеп бітірмей тұрып, әкесіне көмектесіп, 14-15 жасында жолшы болып бастаған ол  1968 жылы мектеп бітірген соң теміржол техникумын бітіріп, одан әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң ПЧ-4 мекемесіне жолшы болып, өзі таңдаған мамандық бойынша жұмысқа қабылданады. Өндірісте жүріп Алматыдағы теміржол институтын сырттай оқып бітіреді. 1972-1974 жылдары қатардағы жолшы болса, 1975-1976 жылдары жол бригадирі, 1977-1978 жылдары жол шебері, 1978-1988 жылдары аға жол шебері болып тәжірибе арттырған маман 1988-1993 жылдары жол бөлімінің жол шаруашылығы бойынша ревизоры, 1993-2007 жылдары бас инженер, 2007-2011 жылдары учаске бастығы, 2011-2014 жылдары дистанция бастығының орынбасары болып дамылсыз еңбек етеді. 2014 жылы Рашид Закирович Ірілендірілген Астана жол дистанциясы диагностикалық блогының бастығы болып тағайындалып, өткен жылы ұжым ардагер жолшыны құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Саладағы жалпы еңбек өтілі 46 жылды құраған маман  1985 жылы «Құрметті теміржолшы» атанған, одан бері де сансыз марапаттарға ие болған. Рашид Садликов пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қаматмасыз етуге арнаған жарты ғасырға жуық еңбек жолында жол шаруашылығының нағыз мамандары дерлік, бір топ шәкірт тәрбиелеп өсірді. Бүгінде әр аймақта еңбек етіп жүрген сол шәкірттері темірдей қатал да төзімді, нағыз теміржолшы деген атқа лайық ұстаздарының есімін әрдайым үлкен құрметпен, ілтипатпен атайды. –Жалпы, біздің бақылауымызда жолдың ұзындығы 998 км құрады. Көкшетаудың Бурабайына дейінгі, Ерейментауға дейінгі, Жайнақ станциясына дейінгі жолдар және Қарағанды жаққа қарай 2 км жол Ірілендірілген Астана жол дистанциясының қарамағында. Осы телім бойының қауіпсіздігін сақтау жолында аязбен де, боранмен де арпалыстық, тасқынға да төтеп бердік, қысқасы 45 жыл қалай өтіп кеткенін байқамай да қалған сияқтымын, – деген Р.Садликов өзінің теміржолшылар династиясының негізін қалаушылардың бірі екенін мақтаныш ететінін жасырмады. Әулеттің негізін қалаушы әкесі Закир Садликов сұрапыл соғыс аяқталып, майдан даласынан елге оралған соң жолшы болып өмір бойы осы салада еңбек еткен екен. Сонымен қатар Рашид Садликовтың туған әпкесі Венера Садликова және аға-жеңгесі Мажит пен Зайтуна Садликовалар да өмірлерін теміржол саласына арнаған. Сол сияқты Рашид Закировичтің зайыбы Сәния Мұхамедқызы да теміржол саласының маманы. Зейнет демалысына шыққанға дейін Астана станциясында аға оператор болып еңбек етіпті. 1975 жылы шаңырақ көтерген отбасы жуырда үйленгендеріне 40 жыл болған мерейтойларын атап өтті. Айрандай ұйыған отбасы ұлағатты ұрпақ өрбіткен. Рашид пен Сәния Садликовтер  бүгінде Венер, Рима, Тимур есімді ұл-қыздарынан 5 немере сүйіп отырған ата-әже. Әкеден мұра болып қалған мамандықты ұлы Венер де игеріп, бүгінгі күнде теміржол саласының белді қызметкері, ПТЦ бөлімінің бастығы болып қызмет атқаруда. Сондай-ақ ағасы Мажит Садликовтың балалары Рамиль мен Фая да теміржолшы болып әулет эстафетасын жалғауда.

Нұрдәулет ТАЛҒАТҰЛЫ

Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал
Регионы
30.09.2026
Осенний комиссионный осмотр завершается в Алматинском регионе
Новости
30.09.2026
Строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал вышло на завершающий этап
Новости
29.09.2026
КТЖ на KazHackStan 2026: искусственный интеллект на службе кибербезопасности
Грузовые перевозки
29.09.2026
Қазтеміртранс обеспечивает доставку угля к отопительному сезону
Грузовые перевозки
29.09.2026
КТЖ взяло транспортировку зерна нового урожая на особый контроль
Грузовые перевозки
29.09.2026
Перевозки зерна в Казахстане выросли на 13%
Регионы
29.09.2026
Два стрелочных перевода восстановили для увеличения пропускных возможностей станции Предгорная