Жол қызметінде – жарты ғасыр
Жаңалықтар
11.04.2017, 16:12
Елімізде бүкіл саналы ғұмырларын теміржол саласына арнап, осы мамандықты ұрпағына мирас етіп қалдырып жатқан теміржолшылар әулеті аз емес. Солардың бірі – Сатликовтар әулеті.
Бүгінде саналы ғұмырын жол шаруашылығына арнаған Рашид Сатликов сол әулеттің жарқын бір өкілі. Рашид Закирович 1952 жылы бұрынғы Ақмола маңындағы екі разъездің ортасында орналасқан «Казарма» деген жерде дүниеге келген екен. Еңбек жолын мектеп бітірмей тұрып, әкесіне көмектесіп, 14-15 жасында жолшы болып бастаған ол 1968 жылы мектеп бітірген соң теміржол техникумын бітіріп, одан әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң ПЧ-4 мекемесіне жолшы болып, өзі таңдаған мамандық бойынша жұмысқа қабылданады. Өндірісте жүріп Алматыдағы теміржол институтын сырттай оқып бітіреді. 1972-1974 жылдары қатардағы жолшы болса, 1975-1976 жылдары жол бригадирі, 1977-1978 жылдары жол шебері, 1978-1988 жылдары аға жол шебері болып тәжірибе арттырған маман 1988-1993 жылдары жол бөлімінің жол шаруашылығы бойынша ревизоры, 1993-2007 жылдары бас инженер, 2007-2011 жылдары учаске бастығы, 2011-2014 жылдары дистанция бастығының орынбасары болып дамылсыз еңбек етеді. 2014 жылы Рашид Закирович Ірілендірілген Астана жол дистанциясы диагностикалық блогының бастығы болып тағайындалып, өткен жылы ұжым ардагер жолшыны құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Саладағы жалпы еңбек өтілі 46 жылды құраған маман 1985 жылы «Құрметті теміржолшы» атанған, одан бері де сансыз марапаттарға ие болған.
Рашид Садликов пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қаматмасыз етуге арнаған жарты ғасырға жуық еңбек жолында жол шаруашылығының нағыз мамандары дерлік, бір топ шәкірт тәрбиелеп өсірді. Бүгінде әр аймақта еңбек етіп жүрген сол шәкірттері темірдей қатал да төзімді, нағыз теміржолшы деген атқа лайық ұстаздарының есімін әрдайым үлкен құрметпен, ілтипатпен атайды.
–Жалпы, біздің бақылауымызда жолдың ұзындығы 998 км құрады. Көкшетаудың Бурабайына дейінгі, Ерейментауға дейінгі, Жайнақ станциясына дейінгі жолдар және Қарағанды жаққа қарай 2 км жол Ірілендірілген Астана жол дистанциясының қарамағында. Осы телім бойының қауіпсіздігін сақтау жолында аязбен де, боранмен де арпалыстық, тасқынға да төтеп бердік, қысқасы 45 жыл қалай өтіп кеткенін байқамай да қалған сияқтымын, – деген Р.Садликов өзінің теміржолшылар династиясының негізін қалаушылардың бірі екенін мақтаныш ететінін жасырмады.
Әулеттің негізін қалаушы әкесі Закир Садликов сұрапыл соғыс аяқталып, майдан даласынан елге оралған соң жолшы болып өмір бойы осы салада еңбек еткен екен. Сонымен қатар Рашид Садликовтың туған әпкесі Венера Садликова және аға-жеңгесі Мажит пен Зайтуна Садликовалар да өмірлерін теміржол саласына арнаған. Сол сияқты Рашид Закировичтің зайыбы Сәния Мұхамедқызы да теміржол саласының маманы. Зейнет демалысына шыққанға дейін Астана станциясында аға оператор болып еңбек етіпті. 1975 жылы шаңырақ көтерген отбасы жуырда үйленгендеріне 40 жыл болған мерейтойларын атап өтті. Айрандай ұйыған отбасы ұлағатты ұрпақ өрбіткен. Рашид пен Сәния Садликовтер бүгінде Венер, Рима, Тимур есімді ұл-қыздарынан 5 немере сүйіп отырған ата-әже.
Әкеден мұра болып қалған мамандықты ұлы Венер де игеріп, бүгінгі күнде теміржол саласының белді қызметкері, ПТЦ бөлімінің бастығы болып қызмет атқаруда.
Сондай-ақ ағасы Мажит Садликовтың балалары Рамиль мен Фая да теміржолшы болып әулет эстафетасын жалғауда.
Нұрдәулет ТАЛҒАТҰЛЫ
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты