Гүлнара Елжасова
Маңызды шешімдер қабылданды
2 мин чтения
Жақында ұлттық компанияның Директорлар кеңесі өткізген отырыста кадрлық ауыс-түйістер және алдағы даму жоспары жөнінде бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Жиынға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичус төрағалық етті.
Компанияны дамыту туралы және ағымдағы мәселелер сөз болған отырыста қатысушылар Ұлттық компанияны түбегейлі қайта құру, «ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысына тоқталды. Сонымен қатар компанияның басқарма мүшесі Ақболат Жағыпаровтың өкілеттігі мерзімімен бұрын тоқтатылып, оның орнына корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Эрик Имашев сайланды. Бұған қоса «Жолаушылар тасымалы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Орынбасаровтың да өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылып, оны Қанат Алпысбаев алмастырды. Отырыс барысында «Локомотив» АҚ Жарғысы, ұлттық компанияның тәуекелді басқару саясаты, Орталық аппарат қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша өзгерістер, компанияның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді, Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің лауазымын бекіту туралы жаңа Бағдарлама жасалды. Бұдан бөлек компанияның 85804 қарапайым акциясын үлестіру бағасы мен үлестіру мәселесі қаралды. Директорлар кеңесінің «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму бағдарламасының биылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы, бірінші тоқсандағы тәуекелді азайту бойынша және қоғам еңбеккерлерінің әлеуметтік жайы туралы есеп берулері тыңдалды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі бір мәселе ретінде қоғамның Корпоративтік хатшысын сайлау мәселесі қаралды. Оған үміткерлерді әрі қарай іздеу үшін рекрутингтік компанияларға шығу туралы шешім қабылданды. Бұрынғы байқауға қатысқан үміткерлердің жетіспеген құжаттарын толықтыру қажеттілігі айтылды.