Өнегелі өмір иесі

Новости
18.04.2017, 12:40
Шымкент теміржолында   отыз жылдан аса еңбек еткен тағы бір ардагер – Лола Камалова  80 жасқа  толып, бір топ көз-көргендер құттықтай барды. Бөлімшедегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев пен кәсіподақ ардагері Майра Омарқызы және кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Тоқтар Бекова бастаған қонақтармен қатар қарияның бұрынғы әріптестері, жақын сыйлас дос-жарандары қос теміржолшылның шаңырағына жиналып, құрмет көрсетті. Қос теміржолшы дегеніміз, кезінде Ферғананың қызы қармақшылық Рысмахан деген қазақ жігітімен  Ташкенттегі теміржол институтында бірге оқып, дәм-тұздары жарасып отау құрады. Содан бері, міне  алпыс жылға жуық уақыт бір шаңырақ астында бірге жасап келеді. Рысмахан Жалғасбаев та  40 жылдай өңір теміржолының дамуына еңбегі сіңген ардагер. Бөлімшеде инженер, бас ревизор болды, партия қызметін де атқарды. Арасында вагон, локомотив деполарына басшылық жасаған. – Лоламен отау құрғанымызға 56 жыл болса, зейнетке шыққанымызға ширек ғасырдан асып барады. Мен қызмет бабымен іссапарда жиі болып,  жас кезде үйге қарап, балалардың тәрбиесімен өзі айналысты. Соның арқасында жұмысты алаңсыз атқардым. 1996 жылдан бері қос жанарымның көру қабілеті нашарлап, күні бүгінге дейін  жағдайымды жасап келеді. Үйдің де, түздің де жұмысын атқарды. Мені осы жасқа жеткізіп отырған – соның күші. Ләйла, Рүстем атты екі бала өсіріп, бүгінде немере, шөбере сүйіп отырмыз, – дейді Рысмахан Жалғасбаев кемпірінің  мақтауын келістіріп. Лола Исамқызы станцияда жол кезекшісі, вокзал кассасында кассир,  жолаушылар бөлімінің аға инженері болды. Ал 1978 жылдан 1992 жылы зейнетке шыққанша жауапкершілігі жоғары құпия бөлімде қызмет етіпті.  Ардагерлердің айтуынша, Семей полигонына керек жарылғыш заттар шифрмен өтіп тұрған. Бұл – мемлекеттік маңызы бар тапсырма болғандықтан, жолда апатқа ұшырамас үшін, оның құжаттық және техникалық қауіпсіздігі  өте сақ және құпия түрде жүзеге асырылыпты.  Ардагерлер қазіргідей әр вагонның құжаты болмаса да, ол кездері тәулігіне 70 жұп жүк, 25 жұп жолаушылар пойызын аттандырып,  жұмыстың үнемі қарбалас болғанын естеріне алды. Сондай-ақ, осы кеште әріптестері қызмет барысында Лола әжейдің  жолдасын ылғи да «Рысмахан Жалғасбаевич»  деп атайтынын еске алысып, басқа да естеліктерімен бөлісіп,  туған күн иесінің мерейін асырды.    

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку