Теңіз тасымалы артты
Новости
21.04.2017, 16:33
Еліміздің теңіз порттары арқылы қазақстандық теңіз тасымалдаушыларының үлесі артып отыр. Ақтау және Құрық портындағы айлақтар арқылы өтетін жүктердің көп бөлігін елімізден шығарып тасуға басымдық берілуде.
Бұл туралы ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағаты аясында айтылды, деп хабарлайды «Атамекен бизнес ченел» порталы. Парламент биліктегі көліктің барлық түрлері бойынша салаларды басқаратын және сол көліктердің жүріс-тұрысын бақылайтын орган басшыларын жинап, үлкен алқа құрған болатын.
–Қазіргі кезде қазақстандық теңіз тасымалдаушыларының үлесі 10-нан 35 пайызға дейін өсті. Бізде бүгінде 11 кеме, оның ішінде 8 танкер, 3 құрғақ жүк таситын кеме бар. 2020 жылға дейін 2 паром тұрғызылады. Кемелердің жалпы саны 20-ға дейін жеткізілмек. Біз қазақстандық порттардан халықаралық нарыққа жол тартатын барлық жүк көлемінің 65 пайызын 2020 жылға қарай біздің кемелер тасиды деп жоспарлап отырмыз», – деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Ол Құрық портындағы теміржол паромдық кешені операциялық қызметін бастағанын айта келе: «Паромдық терминал биылғы наурыз айынан операциялық қызметін бастады. Бүгінгі күнге 120 цистернаға жуық немесе 10 мың тонна мұнай өнімі тиеп-түсірілді. Жылдың соңына дейін осы терминал арқылы 500 мың тоннадан астам жүкті тиеп-түсіру жоспарланып отыр», – деп атап өтті.
Сондай-ақ биыл автокөлікке арналған паромдық кешен құрылысының екінші кезеңі басталды. Осы мақсаттарға 2017 жылғы бюджеттен 50 миллиард теңге қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру болашақ жүк ағынын толықтай тиеп-түсіруге және Ақтау портының паромдық терминалын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы 2020 жылға дейін теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Төртінші құрғақ жүк кемесін осы жылдың ортасына қарай әкелу жоспарлануда. Отандық танкерлер Түркіменбашы – Баку, Махачкала – Баку бағыттарында жүк тасымалдауды бастады. Солар арқылы тасымалданған жүк көлемі 2016 жылы тиісінше 1 млн тонна және 160 мың тонна болды.
Райхан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку