Теңіз тасымалы артты

Жаңалықтар
21.04.2017, 16:33
 Еліміздің теңіз порттары арқылы қазақстандық теңіз тасымалдаушыларының үлесі артып отыр. Ақтау және Құрық портындағы айлақтар арқылы өтетін жүктердің көп бөлігін елімізден шығарып тасуға басымдық берілуде. Бұл туралы ҚР Мәжілісінде  өткен үкімет сағаты аясында айтылды, деп хабарлайды «Атамекен бизнес ченел» порталы. Парламент биліктегі көліктің барлық түрлері бойынша салаларды басқаратын және сол көліктердің жүріс-тұрысын бақылайтын орган басшыларын жинап, үлкен алқа құрған болатын. –Қазіргі кезде қазақстандық теңіз тасымалдаушыларының үлесі 10-нан 35 пайызға дейін өсті. Бізде бүгінде 11 кеме, оның ішінде 8 танкер, 3 құрғақ жүк таситын кеме бар. 2020 жылға дейін 2 паром тұрғызылады. Кемелердің жалпы саны 20-ға дейін жеткізілмек. Біз қазақстандық порттардан халықаралық нарыққа жол тартатын барлық жүк көлемінің 65 пайызын 2020 жылға қарай біздің кемелер тасиды деп жоспарлап отырмыз», – деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Ол Құрық портындағы теміржол паромдық кешені операциялық қызметін бастағанын айта келе: «Паромдық терминал биылғы наурыз айынан операциялық қызметін бастады. Бүгінгі күнге 120 цистернаға жуық немесе 10 мың тонна мұнай өнімі тиеп-түсірілді. Жылдың соңына дейін осы терминал арқылы 500 мың тоннадан астам жүкті тиеп-түсіру жоспарланып отыр», – деп атап өтті.    Сондай-ақ биыл автокөлікке арналған паромдық кешен құрылысының екінші кезеңі басталды. Осы мақсаттарға 2017 жылғы бюджеттен 50 миллиард теңге қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру болашақ жүк ағынын толықтай тиеп-түсіруге және Ақтау портының паромдық терминалын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы 2020 жылға дейін теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Төртінші құрғақ жүк кемесін осы жылдың ортасына қарай әкелу жоспарлануда. Отандық танкерлер Түркіменбашы – Баку, Махачкала – Баку бағыттарында жүк тасымалдауды бастады. Солар арқылы тасымалданған жүк көлемі 2016 жылы тиісінше 1 млн тонна және 160 мың тонна болды.

Райхан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі