Кәсіптік білім – келешек кепілі

Новости
25.04.2017, 10:34
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжінде «Кәсіптік білім – келешек кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Қаладағы 12 техникалық колледж ұстаздарының қатысуымен өткен шараның мақсаты ­– колледж бен жұмыс беруші кәсіпорын арасындағы байланысты нығайту, сапалы маман даярлаудың мүмкіншіліктері мен инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру болды.     – Елбасы техникалық білім беруді қолға алып, 2017 жылдан бастап жұмысшы мамандарын тегін оқытуды айтып отыр. Колледже студенттер теміржолдың алты факультеті бойынша білім алуда. Осы алты факультет  болат жолдағы 88 мамандықтың негізін құрайды. Бір ғана «Жол құрылысын дайындау» факультетінен жол монтері, бригадир, шебер, нұсқаушы шығады.  «Жылжымалы құрам», «Электрмен жабдықтау», «Автоматика және телемеханика», «Техника және байланыс» мамандығы да бар. Бұл мамандықтар бойынша дуальді оқыту жүйесіне сай кәсіпорындарға студенттерді жібереміз. Екі апта теориялық, екі апта практикалық сабақ өткізіледі, – дейді колледж директоры Ережеп Тойымбетов. Семинарға қатысушылар Оңтүстік Индустриалды аймағында орналасқан вагондарды жуып, булайтын «Oilers» ЖШС өндіріс алаңына барды. Мұнда вагон қазандықтарын парлап, жуып тазалаумен қатар, вагон дөңгелегін ауыстырады. Тепловоздарға техникалық жеңіл қызмет көрсетіледі. Арнайы пойыз құрастырушылар, машинистер бар. Колледждегі «Жылжымалы құрам» мамандығында оқитын студенттер осында «дуальді оқыту жүйесі» негізінде тәжірибеден өтеді. Вагон қазандықтары мұнай, мазут, бензин, керосин, дизтопливаны тасымалдайтындықтан жуарда электр тоғының көмегіне жүгінбейді. Қалдықтар жанып немесе атылып кетуі мүмкін. Вагондар алдымен буланып,  ішіндегі газ қалдықтарынан тазарады. Одан кейін цистернаның іші бірде ыстық, екіншіде суық ауамен тазартылады. Біткен соң, зертханада толық тексеруден өтіп, таза күйінде зауытқа жіберіледі.  Бір эстакаданың екі жолында жетеуден 14 вагон қатар буланады. Әр затты жүктерде вагонды станциялықтар, аталған кәсіпорын және мұнай өңдеу зауытының мамандары бірлесіп тексереді.    Одан соң қонақтар Қазығұрт бекетіне келіп, алдымен техникалық сабаққа қатысып, одан теміржолшылардың күнделікті жұмыс тәртібі жайлы бейнероликті көрді. Кезінде тәулігіне 5 мыңға жуық вагон сұрыпталған Қазығұртта әлі де қозғалыс қарқынды. Вагон тасқыны көбейгенде Текесу, Қызылсай, Шымкент бағытында төрт маневр тепловозы жұмыс істейді. Әрі қарай семинарға қатысушылар дөңеске, станциялық жолдарға барып, теміржолшы мамандығының қыр-сырын «қолмен ұстап, көзбен көрді». Шара соңында Шымкент белгі белгі беру және байланыс дистанциясының релелік байланыс нүктелері орналасқан «башняны» аралап, ондағы өндірістік оқыту кабинетінде болып, «дуальдық оқыту» жүйесінің теміржол колледжінде нақты жүзеге асқанына куә болысты.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года