Кәсіптік білім – келешек кепілі
Жаңалықтар
25.04.2017, 10:34
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжінде «Кәсіптік білім – келешек кепілі» деген тақырыпта семинар өтті.
Қаладағы 12 техникалық колледж ұстаздарының қатысуымен өткен шараның мақсаты – колледж бен жұмыс беруші кәсіпорын арасындағы байланысты нығайту, сапалы маман даярлаудың мүмкіншіліктері мен инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру болды.
– Елбасы техникалық білім беруді қолға алып, 2017 жылдан бастап жұмысшы мамандарын тегін оқытуды айтып отыр. Колледже студенттер теміржолдың алты факультеті бойынша білім алуда. Осы алты факультет болат жолдағы 88 мамандықтың негізін құрайды. Бір ғана «Жол құрылысын дайындау» факультетінен жол монтері, бригадир, шебер, нұсқаушы шығады. «Жылжымалы құрам», «Электрмен жабдықтау», «Автоматика және телемеханика», «Техника және байланыс» мамандығы да бар. Бұл мамандықтар бойынша дуальді оқыту жүйесіне сай кәсіпорындарға студенттерді жібереміз. Екі апта теориялық, екі апта практикалық сабақ өткізіледі, – дейді колледж директоры Ережеп Тойымбетов.
Семинарға қатысушылар Оңтүстік Индустриалды аймағында орналасқан вагондарды жуып, булайтын «Oilers» ЖШС өндіріс алаңына барды. Мұнда вагон қазандықтарын парлап, жуып тазалаумен қатар, вагон дөңгелегін ауыстырады. Тепловоздарға техникалық жеңіл қызмет көрсетіледі. Арнайы пойыз құрастырушылар, машинистер бар. Колледждегі «Жылжымалы құрам» мамандығында оқитын студенттер осында «дуальді оқыту жүйесі» негізінде тәжірибеден өтеді. Вагон қазандықтары мұнай, мазут, бензин, керосин, дизтопливаны тасымалдайтындықтан жуарда электр тоғының көмегіне жүгінбейді. Қалдықтар жанып немесе атылып кетуі мүмкін. Вагондар алдымен буланып, ішіндегі газ қалдықтарынан тазарады. Одан кейін цистернаның іші бірде ыстық, екіншіде суық ауамен тазартылады. Біткен соң, зертханада толық тексеруден өтіп, таза күйінде зауытқа жіберіледі. Бір эстакаданың екі жолында жетеуден 14 вагон қатар буланады. Әр затты жүктерде вагонды станциялықтар, аталған кәсіпорын және мұнай өңдеу зауытының мамандары бірлесіп тексереді.
Одан соң қонақтар Қазығұрт бекетіне келіп, алдымен техникалық сабаққа қатысып, одан теміржолшылардың күнделікті жұмыс тәртібі жайлы бейнероликті көрді. Кезінде тәулігіне 5 мыңға жуық вагон сұрыпталған Қазығұртта әлі де қозғалыс қарқынды. Вагон тасқыны көбейгенде Текесу, Қызылсай, Шымкент бағытында төрт маневр тепловозы жұмыс істейді. Әрі қарай семинарға қатысушылар дөңеске, станциялық жолдарға барып, теміржолшы мамандығының қыр-сырын «қолмен ұстап, көзбен көрді». Шара соңында Шымкент белгі белгі беру және байланыс дистанциясының релелік байланыс нүктелері орналасқан «башняны» аралап, ондағы өндірістік оқыту кабинетінде болып, «дуальдық оқыту» жүйесінің теміржол колледжінде нақты жүзеге асқанына куә болысты.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...