Тоқсанға толған теміржолшылар

Новости
25.04.2017, 11:54
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов пен аймақ кәсіподағының  төрағасы Жұман Сәменов Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт машинист Николай Комаровты мерейлі 90 жасымен құттықтап барды.   Ұлы Жеңістің қарсаңында тоқсан жасқа толып отырған Николай Филиповичтің туған күні 14 сәуір. 1927 жылы Қырқыз елінің Фрунзе облысы Талас қаласында дүниеге келген Николай ата өткен ғасырдың ортасында, 1943 жылы 7 сыныпты бітіріп, ФЗО-да паровоз машинисінің көмекшісі курсына түседі. 1944 жылдың соңында, жасы 17 ден енді асқанда әскер қатарына шақырылып, №41 танкіге қарсы атқыштар полкінде дайындық, жаттығу шараларынан өтеді. 1945 жылы 18 жасқа толған күні генерал-полковник А.В.Кравченко басқаратын алтыншы гвардиялық полкі сапында соғысқа кіреді. Өлім мен өмір арпалысқан талай сұрапылды бастан кешіп, бір жолы жараланып, контузия алады да елге қайтарылады. Соғыстан кейін елге оралған Николай Филипович Алматыдағы теміржолшылар техникумын бітіріп, Жамбыл станциясындағы локомотив пайдалану депосына паровоз машинисті болып орналасып, одан  тепловоз машинисі болып,  табаны күректей 32 жыл бір еңбек етеді. 1982 жылы зейнетке шыққан соң да алты жыл вагон пайдалану депосында қазандықта еңбек етеді. Кеудесінде жарқыраған  «Ұлы Отан соғысы» ІІ дәрежелі ордені, «Германиядағы жеңісі үшін» медаліне бейбіт өмір марапаттары қосылды. -Кешегі күні қолға қару алып ел өқорғасаңыз, бейбіт заманда  Жамбыл локомотив депосында еңбек етіп, теміржол саласының дамуына үлес қостыңыз. Екі майданның ардагері сіздің өмір жолыңыз жас ұрпаққа тағлым болмақ. Деніңіз сау болып, ұрпағыңыздың қызығын көре беріңіз,- деп тілек білдірді  қарт майдангерді  құттықтай келген Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Сағымбекұлы. Қарт ардагер  теміржол басшылығы сыйға тартқан плазмалық теледидарға қатты қуанып,  немересіне бөлмесіне  іліп қоюға бұйрық берді.  Бүгінде ұл қызынан төрт немере, төрт шөбере сүйіп отырған Николай Комаров әлі  де тың да бақуатты, қолы боста кешегі өзі еңбек еткен локомотив депосына бас сұғып, жас әріптестерімен кездесіп тұрады. 

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года