Тоқсанға толған теміржолшылар
Жаңалықтар
25.04.2017, 11:54
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов пен аймақ кәсіподағының төрағасы Жұман Сәменов Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт машинист Николай Комаровты мерейлі 90 жасымен құттықтап барды. Ұлы Жеңістің қарсаңында тоқсан жасқа толып отырған Николай Филиповичтің туған күні 14 сәуір. 1927 жылы Қырқыз елінің Фрунзе облысы Талас қаласында дүниеге келген Николай ата өткен ғасырдың ортасында, 1943 жылы 7 сыныпты бітіріп, ФЗО-да паровоз машинисінің көмекшісі курсына түседі. 1944 жылдың соңында, жасы 17 ден енді асқанда әскер қатарына шақырылып, №41 танкіге қарсы атқыштар полкінде дайындық, жаттығу шараларынан өтеді. 1945 жылы 18 жасқа толған күні генерал-полковник А.В.Кравченко басқаратын алтыншы гвардиялық полкі сапында соғысқа кіреді. Өлім мен өмір арпалысқан талай сұрапылды бастан кешіп, бір жолы жараланып, контузия алады да елге қайтарылады.
Соғыстан кейін елге оралған Николай Филипович Алматыдағы теміржолшылар техникумын бітіріп, Жамбыл станциясындағы локомотив пайдалану депосына паровоз машинисті болып орналасып, одан тепловоз машинисі болып, табаны күректей 32 жыл бір еңбек етеді. 1982 жылы зейнетке шыққан соң да алты жыл вагон пайдалану депосында қазандықта еңбек етеді. Кеудесінде жарқыраған «Ұлы Отан соғысы» ІІ дәрежелі ордені, «Германиядағы жеңісі үшін» медаліне бейбіт өмір марапаттары қосылды.
-Кешегі күні қолға қару алып ел өқорғасаңыз, бейбіт заманда Жамбыл локомотив депосында еңбек етіп, теміржол саласының дамуына үлес қостыңыз. Екі майданның ардагері сіздің өмір жолыңыз жас ұрпаққа тағлым болмақ. Деніңіз сау болып, ұрпағыңыздың қызығын көре беріңіз,- деп тілек білдірді қарт майдангерді құттықтай келген Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Сағымбекұлы.
Қарт ардагер теміржол басшылығы сыйға тартқан плазмалық теледидарға қатты қуанып, немересіне бөлмесіне іліп қоюға бұйрық берді. Бүгінде ұл қызынан төрт немере, төрт шөбере сүйіп отырған Николай Комаров әлі де тың да бақуатты, қолы боста кешегі өзі еңбек еткен локомотив депосына бас сұғып, жас әріптестерімен кездесіп тұрады.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...