Жемқорлық – қауіпті індет
Новости
28.04.2017, 12:29
Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» РҚБ Астана филиалының өкілдері Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің басын қосқан жиын өткізді.
Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Нұржан Жапарқұл теміржол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар қабылданып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алғашқы болып сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы департаментінің директоры Тілеген Каскин қазір жер-жерде өтіліп жатқан «Пара беру – бас бостандығыңнан айырады», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау» атты акциялардың мақсаты, әрбір қазақстандыққа сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамға қауіпті жат құбылыстың күнделікті өмірге кірікпеуін насихаттау екенін атап өтті.
«Бүгін Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ жұмысын бастады. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық берді. Жемқорлық құдды індет сияқты. Оның дендеп кіріп, мысқылдап шығуына жол бермеуіміз керек. Ол біздің балаларымыздың болашағына қауіп төндіреді. Әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы мен түсінігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – басым бағыттардың бірі болуы керек. Мемлекеттілік пен қоғамның моральдық негізін құрдымға батыратын жат қылыққа қарсы күрес негізін әрбір қазақстандық жете түсінуі тиіс»,– деді Тілеген Каскин.
Кездесуде сөз алғандар өз ойларын ортаға салып, соңғы үш-төрт жылда сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырған мемлекеттік шенеуніктердің аты аталып, түсі түстелген, түрмеге тоғытылған көріністерінен бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел топ «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтардағы кәсіпорындарында да кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Нұрбек БЕКЕН
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года